Алматы маңындағы тас жолда жол апаты салдарынан 4 бала зардап шекті
«Алматы-Бішкек» тас жолының 20 шақырымында екі автокөліктің қатысуымен жол апаты орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Белгілі болғандай, BMW 7 көлігі шығыс бағытта қалаға қарай келе жатқан. Белгісіз себептермен жүргізуші көлікті басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен.
Жолды бөліп тұрған қоршаудан ұшып кетіп, айналып барып, көлігінің артқы жағымен қарсы жолда келе жатқан Lexus RX300 көлігіне соғады.
Соққының қатты болғанынан BMW көлігінің артқы бөлігі салонға кіріп кетті, ал көліктің бөлшектері жолдың басқа бағытына ұшып кеткен.
Lexus жолдың жиегіне шығып, сайға түсіп кетіп, ағашқа соғылады.
Апат салдарынан екі жүргізуші де, сондай-ақ Lexus көлігінде отырған төрт бала зардап шекті.