Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда тамақ және жеңіл өнеркәсібінде мамандар саны жетіспейді

replikanews.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.06.2018 21:43 replikanews.com
Атап айтқанда: технологтар, биотехнологтар, модельер құрастырушылар, инженерлер мен менжеджерлер.

ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында «Ақ жол» партиясының фракция депутаты Екатерина Никитинская ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевке тамақ, жеңіл, өңдеу өнеркәсібі, мейрамхана бизнесі және қонақ үй бизнесі үшін жоғары оқу орнынан кейінгі мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын арттыру туралы мәселені шешу жөнінде өтініш білдірді деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

"ҚР Президентінің халыққа Жолдауында «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» жоғары білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлінеді. Жолдау аясында 2018-2019 оқу жылына қосымша 20 мың грант бөлу тапсырылды, оның 11 мыңы техникалық мамандықтар бойынша бакалаврларды дайындауға бағытталуы тиіс. Бұл қадам төртінші индустриалды революция жағдайында мыңдаған жаңа мамандардың сұранысқа ие болуына мүмкіндік береді", - деп еске салды Никитинская.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет Қазақстанда тамақ, жеңіл, өңдеу өнеркәсібі, мейрамхана бизнесі және қонақ үй бизнесі секілді шикізаттық емес секторлар рөлін арттыруды бастайтын Қазақстандағы әртараптандырылған экономиканы құрудың күрделі міндетін шешеді.

«Соңғы жылдары бұл салалардың бірқатары қарқынды түрде өсуде. Мәселен, 2016 жылы тамақ өнімдерінің нақты көлем индексі 104,2%, ет консервілері және ет өнімдерін өндіру 108,1%, сүт өнімдерін өндіру 109%, нан өнімдерін өндіру 106,2% құрады. Өсімдік және жануарлар майын өндірудің нақты көлем индексі 1991 жылғы деңгейден 2,4 есеге, ал сусындарды өндіру 2,1 есеге асты», - деді депутат.

Никитинскаяның айтуынша, өнімдерді өндіру технологияларды пайдаланумен қатар адамның ой-өрісіне байланысты болғандықтан, жоғары білікті мамандарды даярлаудың тиісті жүйесі болуы керек.

"Жеңіл, тамақ өндіру және қызмет көрсету салалары үшін - технологтар, биотехнологтар, модельер құрастырушылар, инженерлер мен менеджерлер қажет. Елімізде қажетті ғылыми-зерттеу инфрақұрылымы бар технологиялық университеттер желісі тұрақты дамып келеді. Алматы технологиялық университетінің аясында табысты жұмыс істейтіндер: Жеңіл өнеркәсібі мәселелері жөнінде ғылыми-зерттеу институты; Қазақ-Корей ғылыми-білім беру орталығы; Азық-түлік технологиялары ғылыми институты; Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ғылыми институты; Нан, ет, сүт білім және ғылым орталықтары", - деп атап өтті депутат.

«Құрметті Ерлан Кенжеғалиұлы, Елбасының әлеуметтік бастамасын және Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасын табысты іске асыру үшін Сізге тамақ, жеңіл өңдеу, өнеркәсіп, мейрамхана бизнесі және қонақ үй бизнесі үшін жоғары оқу орнынан кейінгі мамандарды дайындау үшін мемлекеттік білім беру тапсырысын арттыру мәселесін шешуді сұраймыз», - деп түйіндеді Никитинская.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: