Жаңалықтар тізбегі
0

Өзбекстанда жас келіншек пойыз астына түсіп өлді

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.06.2018 22:07 Baq.kz
Жас әйелдің мұндай қадамға баруына үйдегі жанжалдың әсері болуы мүмкін.

Ферғана облысы Өзбекстан ауданында 20 жастағы келін пойыз астына түсіп өлді, деп хабарлайды Baq.kz.

Жас әйелдің мұндай қадамға баруына үйдегі жанжалдың әсері болуы мүмкін. Марқұмның көршілерінің айтуынша, отасқанына алты ай болған жас келіншекті енесі үйден қуып шыққан көрінеді.

Осыдан соң 20 жастағы Рузихон Эргашева 16 маусымда «Әндіжан – Бұхара» бағытындағы пойыздың астына басылып көз жұмған.

Куәгерлердің айтуынша, пойыз әйелді таптап кеткен.

«Айт мерекесінде Рузихонның анасы қызына қонаққа келген. Ол кеткен соң келіннің енесі шу шығарған. Оған құдағидың әкелген сыйлықтары ұнамай қалған. Қыз өз сүйгеніне қосылған соң, үйіне қайтып баруға ұялған болуы керек», - деді марқұмның көршілері.

Алайда Рузихон Эргашеваның 25 жастағы күйеуі Икболжон Эргашев қайғылы жағдайға үйдегі ұрыс-керістің әсері болмаған деген пікірде.

«Қайғылы оқиға болған күні таңертең Рузихон түсік тастады. Одан соң анам екеуміз оны перзентханаға апардық. Оның балалы болатынын айтып, Рузихонды жұбаттық. Одан соң ол анасының үйіне баратынын айтты. Кешке қайғылы хабарды естідік. Үйімізде ешқашан ұрыс болған емес», - дейді Икболжон Эргашев.

Айта кетейік, өз-өзіне қол жұмсаған Рузихон Эргашева биыл қаңтар айында сүйгеніне тұрмысқа шыққан.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: