Елімізде құбылмалы ауа райы сақталады
allwomens.ru
Кей жерлерде жаңбыр жауса, кей жерлерде жел күшейеді,
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болып, кей жерлерде жаңбыр жауса, кей жерлерде жел күшейеді, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болмақ. Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлеріне бұршақ жаууы мүмкін.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе облысы, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында жел күшейіп, секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Осы аймақтардың басым бөлігінде күн ыстық болғандықтан, өрт шығу қаупі жоғарылайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript