Ақтөбелік бойжеткенді желіде танысып кездескен жігіт тонап кетті
Stan.kz
Сот айыпталушыны 2 жылға бас бостандығынан айырды.
Ақтөбелік бойжеткенді желі арқылы танысқан жігіт тонап кетті. Жігітті кездесуге бойжеткеннің өзі шақырған, деп хабарлайды Stan.kz.
Кешкі уақытта бойжеткеннің үйіне 25 жастағы Берік есімді жігіт қонаққа келеді. Олар Инстаграм арқылы танысқан. Сол кеште бойжеткеннен несие жабу үшін ақша жетпей тұрғанын айтып, қарыз сұрайды. Жігіт сол үйде қонып, таңертең кетіп қалған. Бойжеткен қалтасынан 41 мың теңге жоғалғанын байқайды. Кейіннен полицияға хабарлайды.
Айыпталушы кінәсін мойындап, ақша ұрлағанына өкінетінін айтты. Сот айыпталушыны 2 жылға бас бостандығынан айырды. 240 сағат қоғамдық жұмысқа жекті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript