Іле Алатауы табиғи паркіне Көкжайлаудың 100 гектар жері қайтарылады
www.zakon.kz
Жобаның жаңарған техникалық–экономикалық негізі биылғы жылы аяқталады.
Жыл бойынғы «Көкжайлау» тау курортын дамытуға қатысты өткен көшпелі жиында Алматы әкімі Бауыржан Байбек Іле Алатауы табиғи паркінің қорына 100 гектар жерді қайтаруды тапсырды деп жазады zakon.kz.
«Almaty Mountain Resorts» ЖШС-нің директоры Наиль Нуров өзінің сөзінде алғашқы вариантымен салыстырғанда курорт жобасының екі есе оңтайландырылғанын айтты.
«Құрылыс алаңы 10 есе қысқарды, 300-ден 30 мың шаршы метрге дейін. Шаңғы трассалары 77 -тен 18-ге дейін азайды, олардың басым көпшілігі шаңғы тебуді үйренушілерге арналған. Қонақүйлердегі орын саны 6,5 мыңнан 250 орынға қысқарған. Трассаларға жасанды қар төгетін екі өзеннің біреуі ғана қалды. Осыған орай біз бөлінген 1002- гектар жердің 100 гектарын босаттық. Мүмкін, босаған жерлер көлемі болашақта ұлғаятын шығар», - деді Наиль Нуров.
Мегаполис басшысы босаған жерлерді Іле Алатауы ұлттық табиғи паркіне қайтару туралы мәселені жедел қолға алуды тапсырды.
Айта кетерлігі, жобаның жаңарған техникалық–экономикалық негізі биылғы жылы аяқталады. Осыдан соң оны көпшілік талқысына салу жоспарланған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript