Өскеменде 16 жастағы қыз жолдағы баланы қағып кетті
altaynews.kz
Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіп жатыр
Облыс орталығының сол жақ жағалауында кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім рөлге отырып, жол апатына ұрынды деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Өскемен қаласы ІІБ баспасөз хатшысы Асел Әміренова: «Кеше 16.30 шамасында 2002 жылы туылған жеткіншек «Киа Рио» автокөлігімен Сәтпаев бойындағы тұрақта көлікті тізгіндей алмай, тротуарда жүрген 2015 жылы туылған баланы қағып кеткен» — деп мәлімдеді.
Жол апатының салдарынан зардап шегуші әр түрлі дене жарақаттарын алып, «Ана мен бала» орталығына жатқызылды. Қазір орын алған оқиғаға байланысты полиция ҚР ҚК 345 бабы, 2 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Ынтымақ Толқын
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript