Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысында «20 жылдыққа – 20 нысан» атты акция бастау алды.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2018 21:23 Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Аталмыш акцияға үн қосқан Байзақ ауданында мереке қарсаңында су жаңа бөбекжай есігін ашпақ.

Астана – еліміздің жүрегі, әлемдік аренадағы Тәуелсіз Қазақстанның айнасы. Сол себепті, Елорданың 20 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтілуде. Бас қаланың мерейлі мерекесіне орай елімізде түрлі акциялар ұйымдастырылуда. Соның бірі – «20 жылдыққа – 20 нысан» акциясы. Аталмыш бастама аясында облыс аудандарында 20 әлеуметтік нысан халық игілігіне беріледі деп жоспарлануда, деп Zakon.kz Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2018 21:23

Аталмыш акцияға үн қосқан Байзақ ауданында мереке қарсаңында су жаңа бөбекжай есігін ашпақ. Аудан орталығы – Сарыкемер ауылында орналасқан «Ерік ата» балабақшасының құрылысына 11 миллион теңге жұмсалған. Жоспар бойынша мұнда 3 топта 75 бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылады. Оларды 6 педагог қазақ тілінде оқытады.

Жамбыл ауданында да балдырғандарға арналған нысан пайдалануға берілмек. Ақбұлым ауылында бой көтерген балабақша «Зерде» атауын алған. Мұнда 2 топта 50 бала оқытылады. Оларға қазақ тілінде білім беріледі. Мұнда 6 оқытушы жұмыспен қамтылған.

Елорда тойы қарсаңында ашылатын келесі нысан Жуалы ауданындағы «Burnoye Solar-2» ЖШС-нің күн электр стансасы. «Burnoye Solar-1» стансасының 2-ші кезеңгі кешенінің құрылысына 22 миллиард 667 миллион теңге қаражат жұмсалған. Оның 7 миллиард 804 миллион теңгесі United Green-Samruk Kazyna ЖШС-нің меншікті қаржысы болса, қалған 17 миллиард 580 миллион теңге Еуропа қайта құру және даму банкі мен Таза технологиялар қорынан алынған. Қуаттылығы 50 МВт-ты құрайтын баламалы қуат көзін өндіру нысанын салу жұмыстарына 300 адам тартылған. Ал нысан іске қосылған соң онда 45 адам жұмысқа орналасады деп күтілуде.

Ал Меркі ауданында «Ерсұлтан» жекеменшік балабақшасы ел игілігіне тапсырылмақ. 125 бүлдіршінді мектепке дейінгі тәрбиемен қамтитын мекемеде 4 топ жұмыс істейтін болады. Балақайлар 3 тілде білім алмақ. Қазіргі таңда балабақшаға 104 бала жиналған.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2018 21:23

Елорданың мерейтойы қарсаңында ең үлкен сыйға қордайлықтар ие болмақ. Өйткені, Қасық ауылдық округінің өзінде 7 нысан іске қосылады.

Атап айтқанда, мұнда Әлжан ана ауылының тарихи музейі пайдалануға беріледі. Онда ауыл тарихына қатысты барлық деректер қоры жинастырылған.

Сондай-ақ, Әлжан ана ауылында дәрігерлік амбулатория есігін ашады. 15 келушіге шақталған нысанның құрылысына 35 миллион теңге жұмсалған. Мұнда 9 медицина қызметкері ауыл азаматтарының денсаулығын сақтау бағытында қызмет ететін болады.

Ауданда бұқаралық спортты дамытуға да баса назар аударылып отыр. Осыған орай Әлжан ана ауылында спорт алаңшасы пайдалануға беріледі. Облыстық бюджеттен бөлінген 8 миллион 756 мың теңгеге салынған нысанның құрылысын «Аль-Аркаржан и К» ЖШС-і жүргізген.

Сондай-ақ, Қордай ауылында 320 көрерменді сыйдыра алатын дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылады. Аталмыш нысанның құрылысы облыстық бюджеттің қаржыландыруы арқылы 2017 жылдың наурыз айында басталған. Бас мердігер «ПСК Алибек» ЖШС бөлінген 420 миллион 867,8 мың теңгенің 200 миллион теңгесін былтыр игерген. Ал 231 миллион 713 мың теңгені биыл пайдаланылған.

Мереке қарсаңында, сонымен қатар, «Qasyq» кооперативі де өз жұмысын бастамақ. Құрамында 33 мүшесі бар ауылшаруашылығы бірлестігі жылдың басынан өз қаражаттарына ірі қара мал сатып алып бордақылап, «Первомайские деликатесы» ЖШС-не келісім шарт арқылы 32 тоннадан астам ет өткізген.

Бұдан бөлек, акция аясында қордайлықтардың пайдалануына қос бірдей балабақша беріледі. Оның бірі – Қордай ауылындағы «Керімбала» балабақшасы. 200 балдырғанға шақталған нысанда мемлекеттік және ресми тілдерде білім беріледі. Балалар бақшасының құрылысына 150 миллион теңге жұмсалған. Ал «Асыл перзент» балабақшасын салуға 40 миллион теңге бөлінген. Мұнда 4 топта 100 бала тәрбиеленеді. Балдырғандар қазақ тілінде білім алады.

Астананың 20 жылдығы қарсаңында Сарысу ауданында су жаңа өндіріс ошағы жұмысын бастайды. «Соляная компания «Асыл тұз» ЖШС-нің ас тұзын өндіретін зауыты аудан орталығы Жаңатас қаласында орын тепкен. Аталмыш жоба Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылы 30 желтоқсандағы №369 қаулысы негізінде өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілген. Кәсіпорын құрылысына 710 миллион теңге қарастырылған. Зауыт жылына 50 мың тонна тұз шығаруға қауқарлы. Жоспар бойынша мұнда 75 адам жұмыспен қамтылады. Олардың орташа жалақысы 60-80 мың теңгені құрамақ.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2018 21:23

Елорда мерейтойы қарсаңында Т. Рысқұлов ауданының орталығы Құлан ауылында 160 көрерменге арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешені есігін ашады. Нысан құрылысына 362,8 миллион теңге бөлінген. Мердігер «Нұр Тұрсын» ЖШС кешен құрылысын өткен жылдың наурысында бастап, мерекеге орай уақтылы аяқтап отыр.

Ал Талас ауданы Қаратау қаласының тұрғындары Астананың мерейтойын жаңа пәтерлерінде тойлайды. Өйткені, аудан орталығында акция аясында 70 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі. Шағын шаһардың 5-ші шағын ауданында орналасқан №51 үйдің жөндеу жұмыстарына 226 миллион 886 мың теңге бөлінген.

Сонымен бірге, Қаратау қаласында «Елдана» балабақшасы пайдалануға беріледі. 50 балаға арналған нысанның жобалық құны 20 миллион теңгені құрайды. Қазақ тілінде оқыту жүргізілетін мектепке дейінгі білім беру мекемесінде балалардың толыққанды білім алуы үшін бар жағдай жасалған.

Астананың 20 жылдыған орай Шу ауданының орталығы Төле би ауылында «Нұр-Аш» және «Лашын» балабақшалары жұмысын бастамақ. 41,5 миллион теңгеге салынған «Нұр-Аш» балабақшасы 75 балдырғанды қабылдауға шақталған. Мұнда бүлдіршінде қазақ және орыс тілдерінде оқытылады. Ал «Лашынның» құрылысына 7 миллион теңге бөлінген. Мұнда да 75 балдырған 3 топқа бөлініп оқытылады.

Бас қаланың мерейтойына орай Тараз қаласында да бірқатар нысандар іске қосылмақ. Атап айтсақ, көне шаһарда «Көкжиек-2030» ЖШС-нің сүт өнімдерін өндіретін зауытында жаңа цех ашылады. Цех жалпы құны 1,6 миллиард теңгені құрайтын италиялық заманауи қондырғылармен жабдықталған. Ол тәулігіне 100 тонна сүтті өңдеп, өнім алуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде, қосымша 30 адамды жұмыспен қамтылмақ.

Сонымен қатар, облыс орталығында құрылысына 494,7 миллион теңге бөлінген облыстық олимпиядалық резерв арнайы мектебінің 3 ангарлық спорт залы пайдалануға беріледі. Өткен жылдың наурыз айында басталған құрылыс жұмыстарын «Қаратау құрылыс-2030» ЖШС-і жүргізген. Нысан жобасын «Тараз-Технопроект» компаниясы жасаған.

Ал осы күні тапсырылатын облыстық арнайы балалар-жасөспірімдер №4 спорт мектебіндегі велосипед базасының құрылысын «АЕМ» ЖШС-і жүргізіп шыққан. Бұл нысанның да құрылысы 2017 жылы басталған. Мереке қарсаңында мәресіне жеткен жұмыстарға 166,5 миллион теңге жұмсалған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: