Жаңалықтар тізбегі
0

Бауыржан Байбек Баум бағының басып алынған жерлерін қайтаруды тапсырды

almaty.gov.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2018 22:07 almaty.gov.kz
Жүргізілген мониторинг кезінде бақтың 2,5 га жерін жеке адамдардың және көлік тұрағын жасау үшін автосалон иелерінің өз беттерімен басып алғандары анықталды.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаланың коммуналдық мешігіне қайтарылған Баум бағын абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты. Табиғи ескерткіштің аумағы 139,5 га, мұнда 100 мыңнан астам жасыл желек бар, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.

Парк аумағының периметрі бойынша қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тәулік бойына жұмыс істейтін төрт полиция нүктесі қойылған. Полиция нүктелері қала мәслихатының депутаты Қайрат Құдайбергеннің жеке қаржысы есебінен жұмыс істеуде. Бақ айналасын жас патрульшілдердің бақылауы қарастырылуда. Эко стильдегі навигациялық тақташалар ілініп, бұрын жығылған ағаштардан жасалған 20 оырндық қойылған.

Жүргізілген мониторинг кезінде бақтың 2,5 га жерін жеке адамдардың және көлік тұрағын жасау үшін автосалон иелерінің өз беттерімен басып алғандары анықталды. Мегаполис басшысы заңға сәйкес бақтың басып алынған жерлерін қайтаруды және жасылдандыруды тапсырды.

«Қалалықтардың демалуы үшін капитал шығынысыз және экологияға барынша аз әсер етіп, жайлы жағдай жасау қажет. Ғалымдарды тарта отырып, жасыл желекті қорғау және ұлғайту қажет, топырақтың және климаттың ерекшелігі ескеріліп, ағаштар сапалы күтілуі тиіс. Аллеяны жарықтандыру үшін жаңарған энергия көздерін пайдаланған жөн, өйткені табиғи аймақ ерекше қорғалады және мұнда инженерлік желілерді жүргізуге болмайды», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2018 22:07

Баум бағында қайың алаеясын жасау, терек, тал ағаштарын отырғызу жоспарланған. Шілде айында ағаштардың иммунитетін жақсартатын және оны зиянкестерден қорғайтын заманауи препараттар сатып алынып, биологиялық өңдеу жұмыстары атқарылады. Табиғи аймақта флора мен фаунаны кеңейту міндеті қойылған.

Бұлардан өзге, бақ айналасы санитарлық тазалықтан өтуде. Тек соңғы сенбілік кезінде осы жерден 43 самосвал қоқыс шығарылды. Бақ аумағында итті серуендететін алаң мен балалардың ағаш қалашығы пайда болады. Бақтың сыртқы жағын жарықтандыру жүйесі жаңарады, Үлкен Алматы каналы аумағында балалар алаңы жасалады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2018 22:07

Айта кетерлігі, Алматыда биылғы жазда 157 көше жөнделеді, 600 аула көріктендіріледі. Барлық жер асты өтпелі жолдар күрделі жөнделеді, жаңа фонтандар салынады. Бұрын қайта жасалған Панфилов, Жібек Жолы, Гоголь, Қабанбай батыр, Байсейітова, Төлебаев көшелері мен «Астана» алаңынан өзге мегаполистің бірқатар негізгі даңғылдары түгелдей жаңарады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: