Жаңалықтар тізбегі
0

ҚР Үкіметінде Онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспар қабылданды

ptel.cz, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.06.2018 17:47 ptel.cz
Әлемде жыл сайын онкологиялық аурулардан зардап шеккендердің саны өсуде. Ауру әрбір алтыншы өлімнің себебіне айналуда.

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2018–2020 жылдарға арналған Онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспар қаралып, қабылданды, деп жазады zakon.kz.

Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов Қазақстанда соңғы 10 жылда өлім көрсеткішінің 28,5%-ке төмендеу тенденциясы байқалғанын айтты. Онкологиялық көмекті ұйымдастыру бойынша іске асырылып жатқан шараларға қарамастан бірқатар ашық мәселелер сақталуда.

Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына жолдауын орындау аясында қатерлі ісіктердің ауыртпалығын төмендету мақсатында ҚР онкологиялық арулармен күрес бойынша 2018–2022 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасы әзірленді.

Кешенді жоспардың негізгі міндеттері:
профилактиканы дамыту және қауіп факторларын басқару;
онкологиялық аурулардың жоғары тиімді ерте диагностикасы;
онкологиялық көмек көрсетудің интеграцияланған моделін енгізу;
онкологиялық көмекті цифрландыруды, кадрлық әлеует пен ғылымды дамыту.

Е. Біртановтың мәлімдеуінше, Кешенді жоспар аясында Астана қаласында Ұлттық ғылыми онкология орталығын құру көзделген. Орталықтың негізгі міндеттері — халықаралық стандарттарға сәйкес онкологиялық көмек көрсету, онкология саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, профилактиканың, ерте диагностика қоюдың және емдеудің дербестендірілген әдістерін әзірлеу және енгізу болады.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында медицина жабдықтарын сатып алу жоспарланған. Қазіргі таңда ҚР ДСМ әлеуетті инвесторлармен бірлесіп Кешенді жоспар аясында МЖӘ жобаларын іске асыру үшін оңтайлы модельдер мен схемаларды әзірлеуде.

«Кешенді жоспарды іске асыру үшін жеке инвестициялар тартылатын болады. Осы мақсатта мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің механизмдерін пайдалана отырып, 149 бірлік жабдық сатып алу жоспарланып отыр. МЖӘ жобаларының болжамды сомасы 40 млрд астам теңгені құрайды», — деді денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов.

Сонымен бірге, Денсаулық сақтау министрлігі медицинада IBM Watson for Oncology жасанды зердені енгізу бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл платформа онкологтарға дәлелді медицина негізінде емдеудің жеке әдістерін, онкологиялық сараптамаға және шетелдік медициналық әдебиетке қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Пилоттық жобаны аяқтағаннан кейін Кешенді жоспарға жасанды зердені одан әрі енгізу жөніндегі қосымша іс-шаралар енгізілетін болады.

Кешенді жоспарды іске асыру нәтижесінде ЭЫДҰ жетекші елдерінің онкологиялық ауруларды ерте анықтаудың негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізілді, атап айтқанда:

жатыр мойны обырының скринингі кезінде обыралды жай-күйді анықтауды 2022 жылға қарай 0,6%-ке дейін және колоректалдық обырды 23%-ке дейін ұлғайту;
онкологиялық аурулардың бастапқы сатыларын анықтауды 33,5%-ке дейін арттыру. Атап айтқанда, жатыр мойны обырының бастапқы деңгейін 65%-ке дейін, сүт безі обырының бастапқы деңгейін 45%-ке дейін, колоректалдық обырдың бастапқы деңгейін 25%-ке арттыру;
обырдың асқынған нысандарын 7,2%-ке дейін төмендету;
онкологиялық науқастардың 5 жылдық өміршеңдігін 60%-ке дейін ұлғайту.

Кешенді жоспар жобасы және онкологиялық көмекті цифрландыру барысы туралы Алматы онкология және радиология ҒЗИ директоры Д. Қайдарова баяндады. Оның айтуынша, жобаны іске асыру аясында медициналық ұйымдарды заманауи цифрлық технологиялармен (мамолографтар, колоноскоптар және т.б.) жабдықтау жоспарланған. Емделуші мониторингін стандарттауға мүмкіндік беретін медициналық ақпараттық жүйелер біріктіріледі. Кадр ресурстарын дамыту, клиникаға дейінгі зерттеу орталығы мен ісік геномының зертханасын құру жоспарланып отыр. ҒЗИ директорының айтуынша, аталған іс-шараларды жүзеге асыру онкологиялық көмекті түбегейлі жаңа деңгейге шығаруға жол ашады.

Әлемде жыл сайын онкологиялық аурулардан зардап шеккендердің саны өсуде. Ауру әрбір алтыншы өлімнің себебіне айналуда. Ең жиі кездесетін проблема — аурудың соңғы сатыларында жүгіну және анықтау, тиісінше, бұндай жағдайда емдеу тиімділігі төмен болады.

Маңғыстау облысының әкімі Е. Тоғжанов, Алматы облысының әкімі А. Баталов, Павлодар облысының әкімі Б. Бақауов өңірлерде онкологиялық ауруларды ерте диагностикалауды жақсарту және тиісті инфрақұрылымды дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Ақтауда 100 орынға арналған диспансер салу мәселесі пысықталуда. Алматы облысында 2 онкологиялық диспансер жұмыс істейді, 46 дәрігер емделушілерді тексеріп, қажетті медициналық көмек көрсетеді. Павлодар облысында уақытылы медициналық көмек көрсету үшін 200 орындық жаңа онкологиялық диспансер салынды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: