Ақтөбе облысының жайылымында 200-ден астам мал жоғалып кетті
aktobenews.kz
Күн сайын мал ұрлығы тіркеліп жатыр.
Ақтөбе облысында жайылымнан мал жоғалу дерегі азаймай тұр. Әйтеке би ауданында 200-ден астам мал жоғалып кетті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.
«Күн сайын мал ұрлығы тіркеліп жатыр. Себебі, мал жайылымға жіберіледі, оны ешкім қарамайды, бақпайды.Таяуда Әйтеке би ауданында 260 бас мал жоғалды. Жергілікті атқарушы органдар бақылап, бақташының болуын қадағалауы керек», — деді Ақтөбе облыстық ІІД жергілікті полиция қызметі бастығының міндетін атқарушы Жанна Макаревич.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript