Жаңалықтар тізбегі
0

Құс тұмауынан қауіп бар ма?

otyrar.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.06.2018 15:32 otyrar.kz
Жергілікті нарық әзірге сырттан әкелінетін құс өніміне аса тәуелді емес.

Елімізде Ресейден құс өнімін әкелуге уақытша шектеу қойылды. Себебі, Халықаралық эпизоотикалық бюро Ресей аумағындағы Курск, Пенза және Самара облыстарында жоғары патогендік құс тұмауын тіркеді. Алаңдауға негіз бар ма? Бұл жағдай жергілікті нарыққа қалай әсер етпек?

Света Әбединова жиырма жылдан бері жұмыртқа сатумен айналысады. Нарықтың қыр-сырын жақсы білетін кейіпкеріміз бүгінгі тұтынушының отандық тауарларға сенімі артып келеді дейді. Сондықтан да сырттан әкелінетін құс өнімдеріне қойылып отырған шектеу бағаға есер ете қоймайды дейді кәсіпкер.

Света Әбединова, кәсіпкер: «Біз осы уақытқа дейін Алматы, Астана, Павлодар қалаларымен жұмыс жасап келдік. Қазіргі кезде «Шымкент-құс» өнімдеріне сұраныс көп. Өйткені жұмыртқалардың сыртында шыққан мерзімі, жарамдылығы жазылып тұрады. Сондықтан өзіміздің өнімдер сұранысқа ие. Халықтан ешқандай шағымдар жоқ, өйткені бағасы қолжетімді 23-25 теңгеден. Ресеймен жұмыс жасап жатқан жоқпыз, олардан алып келудің де қажеті жоқ. Өйткені олардың өніміне ешқандай сұраныс жоқ. Қазір халықтың көзі ашық, сапалы өнімдерді пайдаланады.

Ия, бүгінгі тұтынушының талғамы жоғары. Мұздатқышта тұрып, құнарын жоғалтқан тауардан гөрі қымбат та болса, қолдан сойылған тауық еттерін сатып алады. Құс шаруашылығымен айналысу — Байжігітовтердің отбасылық бизнесі. Оншақты жылдан бері осынау кәсіппен жан бағып отырған шаруалар қазір бидай мен жүгері жеп, қолда өсіріліген құстардың етіне сұраныс зор дейді.

Индира Байжігітова, кәсіпкер: «Өзіміз асыраймыз, өзіміз соямыз сөйтіп сатылымға күнделікті шығарып отырамыз. Бағалары әртүрлі, даналап сатылады. Етінің салмағына, үлкен-кішісіне қарап бағалары әртурлі. Үлкеніректері шамамен — 2500 теңгеден, кішіректері — 2000 теңге тұрады шамамен.

Жергілікті нарық әзірге сырттан әкелінетін құс өніміне аса тәуелді емес. Дегенмен, жергілікті кәсіпорындар бұл санаттағы тауарлармен халықты толықтай қамти алады деуге де толық негіз жоқ. Соған қарамастан, Ресей аумағында құс тұмауының тіркелуіне байланысты 21 -ші маусымнан бастап тірі құсты және инкубациялық жұмыртқаны, барлық құс өнімдерін елге әкелуге тыйым салынды. Құзырлылар тіпті күмәнді отыз шақты құс өсіретін кәсіпорындарының атын атап, түсін түстеп берді. Жергілікті құзырлы органдарға министрліктен арнайы хат та келді. Қазір осынау құжат аясында тексеру шаралары басталып кетті.

Бауыржан Саржанов, Шымкент қаласы ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы: «Құс тұмауына байланысты бізге келіп жатқан Ресей елінің импорт тауарларына шектеу қойылды. Тек қана жұмыртқа, тауықтың еттері, сыртындағы жүндеріне шектеу бойынша 70 градуста қайнаған тауарлар ғана кіреді. Оған алаңдауға болмайды. Қазір біздің инспекция тарапынан ауыл шаруашылығы бөлімдерінің дәрігерлеріне хабарлама берілді. Яғни, бұрынғы келген тауарларды тауық еттерін, жұмыртқаларды қайтадан тексеру жұмысы жүріп жатыр. Өнімдердің адам өміріне ешқандай қаупі жоқ екендігіне көз жеткізгенше, ауру тазарғанша уақытша шектеу қойылды. Қанша мерзімге дейін созылатыны әзірге белгісіз. Жергілікті атқарушы органдар күнделікті тауарларды тексеріп отырады. Біз оларға хат жолдадық, келіп жатқан тауарларды қадағалап, әр партияның мерзіміне қарап қабылдап отыруды ескерттік. Бақылау жұмыстары жақсы жүріп жатыр, сондықтан ешқандай қауіп жоқ».

Сала мамандары әзірге алаңдауға негіз жоқ дейді. Бұл шектеу уақытша. Нарықта құс өнімінің жетіспеушілігі мен бағаның көтерілуі байқалмайды деп сендіреді құзырлылар.

Дереккөзі: otyrar.kz

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: