«Қазинвестбанк» АҚ мен «Delta Bank» АҚ салымшыларына өтем төлеу барысы қалай жүруде
Агент банк «Банк ЦентрКредит» АҚ «Delta Bank»АҚ, «Қазинвестбанк» АҚ салымшыларына өтемді Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры атынан және қаражаты есебінен төлеуді жүргізеді. «Delta Bank» АҚ салымшыларына 2018 жылдың 17 мамырынан бастап төлеу жүргізіледі және төлеу басталған күннен бастап жарты жыл ішінде 2018 жылдың 17 қарашасына дейін өткізіледі; «Қазинвестбанк» АҚ салымшыларына 2018 жылдың 13 тамызына дейін төлеу жүргізіледі. Төлем «Банк ЦентрКредит» АҚ агент банкінің барлық филиалдар желісі арқылы жүзеге асырылады. Бұл туралы zakon.kz ҚДКБҚ баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
Қазіргі уақытта «Delta Bank» АҚ салымшыларына 40,9 миллион теңге төленді (барлық міндеттемелердің 28,9%). Өтемді 52 салымшы алды. ҚДКБҚ-ның кепілдік берілген өтемді төлеу бойынша міндеттемелерінің сомасы шамамен 141 миллион теңгені құрайды; өтемді алуға құқығы бар «Delta Bank» АҚ жеке тұлғалардың саны – 2 244. ҚДКБҚ 2 192 салымшы алдындағы қалған міндеттемелері 100,6 миллион теңгені құрайды.
Өтемді сондай-ақ «Қазинвестбанк» АҚ 8 салымшысы алды. 87,6% жалпы міндеттемелердің 1,8 миллион теңгесі төленді.
Төлем ҚДКБҚ арнайы резерві қаражатынан жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта кепілдік берілген өтемді төлеуге арналған қаражат сомасы 608 миллиард теңгені құрайды.
«Біз «Delta Bank» АҚ салымшыларының шағын белсенділігіне назар аударамыз: жалпы міндеттемелердің 71,1% талап етілмейді, – деп түсіндіреді ҚДКБҚ Төрағасы Бақыт Қоғылов. – 1 388 салымшының (61,9%) 5 мың теңгеден аз депозиттері бар. Орташа салымы 52 мың теңгені құрайтын 1 126 салымшы бар (50%) және 22 салымшының қаражаты (1%) – бір миллион теңгеден астам. «Банк ЦентрКредит» АҚ агент банкінің «Қазинвестбанк» АҚ, «Delta Bank» АҚ салымшыларымен есеп айырысу мерзімі – алты ай, және біз екі банктің салымшыларынан өздерінің құқықтарын пайдаланып депозиттер бойынша өтемді агент банктен алуын сұраймыз. Осы көрсетілген мерзімнен кейін тікелей Алматы қаласындағы Қордың кеңсесіне сенімхат арқылы немесе құжаттарды пошта арқылы жіберу қажет».
Банк салымшыларына, соның ішінде 2018 жылы мәжбүрлеп тарату басталған «Қазинвестбанк» АҚ, «Delta Bank» АҚ жедел кеңес беру үшін, ҚДКБҚ «KDIF | Сұрақтар мен жауаптар» Telegram мессенджерінде чат іске қосады, онда банктер салымшылары ҚДКБҚ сарапшыларынан депозиттерге кепілдік беру туралы, өтем төлеу ережелері туралы сұрақтар қоюы мүмкін. Сонымен қатар, Telegram каналына @KDIF_info (www.t.me/KDIF_info) іске қосылады, онда сұрақ-жауап формасында кепілдік берілген өтемді төлеу туралы нақты ақпарат және кепілдік туралы жалпы ақпарат жарияланатын болады.
«2017–2018 жылдары күшіне енген ең елеулі трендтердің бірі – жаңалықты жеткізу мен ақпарат алмасу тәсілі ретінде мессенджерді пайдалану. Проблемалы банктердің салымшыларына ақпараттық қолдау көрсетуді жылдамдату мақсатында, біз Telegram каналында онлайн-кеңес беру сияқты қосымша мүмкіндікті пайдаланамыз», – деді ҚДКБҚ Төрағасы.
ҚДКБҚ қаражатынан өтем алуға құқығы бар мәрбүрлеп тарату 2018 жылы басталған «Delta Bank» АҚ, «Қазинвестбанк» АҚ клиенттері:
• жеке тұлғалар,
• жеке кәсіпкерлер,
• шаруа (ферма) қожалықтарының субъектілері,
• жекеменшік нотариустар, жеке сот орындаушылар, адвокаттар, кәсіби медиаторлар.
ҚДКБҚ жеке тұлғалар депозиттерінің барлық түрлерін, соның ішінде – салымдар, төлем карталары мен ағымдағы шоттардағы қалдық ақшаны, капиталдандырылған сыйақыны өтейді.
Кепілдіктің ең жоғары сомасы құрайды:
• ұлттық валютадағы депозиттер бойынша – 10 миллион теңгеге дейін
• шетел валютасындағы депозиттер бойынша – 5 миллион теңгеге дейін.
Өтем ұлттық валютада төленеді. Банк агентке өтініш бергенде өзіңмен бірге жеке куәлік және кепілдік берілген өтемді төлеуге арналған арнайы формадаға өтініш болуы тиіс. Өтініш бланкісін агент банк бөлімшелерінен алып немесе ҚДКБҚ веб-сайты www.kdif.kz жүктеп толтыруға болады. Өкілдік арқылы өтемге өтініш жасауға болады, оның өкілеттілігі нотариалды куәландырылған сенімхатпен расталуы қажет.
Есептелген сыйақылары бойынша талаптары бар салымшылармен және кепілдік берілген сомадан асатын депозит бар салымшылармен, сондай-ақ банктің заңды тұлғаларымен және басқа кредиторларымен есеп айырысуды «Delta Bank» АҚ, «Қазинвестбанк» АҚ тарату комиссиялары жүргізеді. «Delta Bank» АҚ кредиторларының талаптары 2018 жылы 4 шілдеге дейін (қоса алғанда) қабылданады.
Таратылған банктердің салымшыларына өтемді төлеу туралы қосымша ақпаратты ҚДКБҚ интернет-сайты www.kdif.kz алуға болады. Депозиттер кепілдігі туралы мамандардың кеңесін мына телефон нөмірлері арқылы алуға болады: 8 8000 80 10 20 (қоңырау шалу тегін); +7 (727) 312 24 40, 312 24 41 (Алматы қ.).
«Банк ЦентрКредит» АҚ бөлімшелерінің жұмысы туралы сұрақтар бойынша: 505 (ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін), +7 (727) 244 30 30, www.bcc.kz.
Анықтама
«Delta Bank» АҚ. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк басқармасының 2017 жылғы 2 қарашадағы №194 қаулысына сәйкес «Delta Bank» АҚ-ы 2017 жылғы 3 қарашадан бастап банктік және басқада операцияларды жүргізу лицензиясынан айырылды. 2018 жылдың 25 сәуірде Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Delta Bank» АҚ мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енді. 17 мамырдан бастап агент банк «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы жеке тұлғаларға кепілдік берілген өтемді төлеуді жүргізуде. Агенттік келісім алты ай яғни 2018 жылдың 17 қарашасына дейін жарамды.
Банктің бас офисі Алматы қаласында орналасқан; банктің Астана және Ақтау қалаларында филиалдары бар.
«Қазинвестбанк» АҚ. 2016 жылы 26 желтоқсанда «Қазинвестбанк» АҚ банктік және өзге операцияларды жүргізуге арналған лицензиясынан айрылды. «Қазинвестбанк» АҚ Уақытша әкімшілігімен және «Альфа-Банк» ЕБ АҚ арасындағы 2017 жылдың 19 мамырдағы шартына сәйкес портфель міндеттемелері, соның ішінде жеке және заңды тұлғалардың депозиттері, «БЖЗҚ» АҚ активтері «Альфа-Банк» ЕБ АҚ берілді. 2018 жылдың 24 қаңтарында «Қазинвестбанк» АҚ қызметін мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімі заңды күшіне енді.
Заңнамаға сәйкес көрсетілген күннен бастап 14 жұмыс күні ішінде ҚДКБҚ «Қазинвестбанк» АҚ активтері мен міндеттемелері «Альфа-Банк» ЕБ АҚ өткен күннен бастап қалыптасқан ақша қалдықтарын «Қазинвестбанк» АҚ жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлері алдындағы міндеттемелері бойынша төлемін бастайды.
«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ (ҚДКБҚ) – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1999 жылы екінші деңгейдегі банктердің салымшыларының құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау үшін құрылған ұйымы.
Банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда ҚДКБҚ депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердегі жеке тұлғалардың барлық банк шоттарындағы ақша қаражаттарына (соның ішінде жинақтаушы, ағымдағы және карт-шоттар), кепілдік береді. Қазіргі уақытта депозиттерге кепілдік беру жүйесіне 30 банк кіреді.
Кепілдік жеке тұлға мен жеке кәсіпкердің барлық салымдарына таралады. Кепілдіктің ең жоғары сомасы бір салымшыға бір банк үшін ұлттық валютадағы депозиттер бойынша 10 миллион теңгені құраса, шетел валютасындағы депозиттер бойынша – 5 миллион теңгені құрайды (банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күнгі баламада).