Ертаевты Ресейде тұру құқығынан айырды
Бас прокуратура «РБК» банкінің Директорлар кеңесінің Төрағасы Жомарт Ертаевты Ресей Федерациясынан экстрадициялау туралы шараларды қолға алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ресейлік әріптестерімен бірге Бас прокуратура Ертаевты Қазақстанға экстрадициялау жөніндегі жұмысты жалғастыруда.
«ҚР Бас прокуратурасының 2018 жылғы 14 маусымдағы өтініші бойынша Мәскеу қаласындағы Пресненский аудандық соты Ертаевқа қатысты «үй қамағы» түріндегі жазасы осы жылдың 8 қарашасына дейін ұзартылды», - деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, оған 160 миллион АҚШ долларын ұрлағаны үшін іздеу жарияланды. Бұған дейін Жомарт Ертаев өзіне қарсы тағылған айып пен қамауға алынғаны туралы пікір білдірген болатын. Ол үш жыл бұрын Қытайдан Батыс Сібірге дейінгі телекоммуникация желісін салу үшін жұмыс істеуге Мәскеуге көшіп келгенін айтқан. Ресей Федерациясында тұрып ол Қазақстан азаматтығынан бас тартып, Ресей азаматтығын рәсімдей бастаған.