Алла Пугачева тағы да ана атанды

Stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.06.2018 20:18 Stan.kz
Есірткіге тәуелді ата-ананың баласын қамқорлығына алды.

Максим Галкин мен Алла Пугачева отбасында үшінші баланың ата-анасы атанды, деп жазады Stan.kz.

Ресей эстрадасының примадоннасы Алла Пугачева мен шоумен, әзілкеш Максим Галкин үшінші рет балалы болды.

Әнші баланы өзі босанған жоқ. Суррагат ананың да қызметіне жүгінген жоқ. Олар есірткіге тәуелді ата-ананың баласын қамқорлығына алды.

Баланың әкесі Влад Пугачев әншінің жалғыз інісі. Ол әншінің ағасы Евгенийдің ұлы. Влад көп жылдан бері есірткіге әуес. Ұзақ жылдар күрескенімен нәтиже болмады.

Оңалту орталығында болашақ жарын кездестірген. Екі жас кездесіп жүріп балалы болды. Баланың қызығымен біраз уақыт алданғанымен, кейін қайта есірткі шегіп кеткен.

Қазір есірткі Владтың ағзасын толығымен меңдеп алған. Тіпті мүгедектікке жеткізген. Алла Борисқызы оның баласын өз қамқорлығына жазып алды. Інісіне баланы уақытша алатынын, егер өзін қолға алып ақылға келмесе, баласынан біржола айырылатынын ескерткен.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: