Алматыда 1 шілде күні туған сәбилерге домбыра сыйға тартылады
ҚазАқпарат
Қаланың әрбір перзентханасында 1 шілдеде бірінші туылған сәбиге ҚХА бейнелемесі бар домбыралар сыйланады.
Алматыда әр перзентханада бірінші туған сәбиге домбыра сыйға беріледі. Ұлттық домбыра күніне орай «Қасиетті Домбыра» акциясын Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қоғамдық келісім» ұйымы ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Акция Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылдың 12 маусымындағы №699 «Ұлттық Домбыра күні туралы» Жарлығының аясында өткізіліп жатыр.
«Басты мақсат өсіп келе жатқан ұрпаққа ұлттық дәстүрімізді түсіндіру мен жеткізу. Әр қазақтың шаңырағында төрінде домбыра ілініп тұруы тиіс. Бұл дәстүрді жоғалтпауымыз керек», - деді ұйымдастырушылар.
Қаланың әрбір перзентханасында 1 шілдеде бірінші туылған сәбиге ҚХА бейнелемесі бар домбыралар сыйланады.
Ұйымдастырушылар қаладағы 7 перзентхананы қамтымақ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript