Денсаулық сақтау министрі балаларға шоколад пен газды сусындарды бермеуге шақырды
livejournal.com
Бүгінгі күні тәтті газды сусындар мен кондитерлік тоқаштар мектеп қабырғасында сатылмайды. Оған заңмен шектеу салылған.
Халықпен кездесу барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қазақстандық ата-аналарға балалардың денсаулығын қорғау туралы, оның ішінде газдалған сусындар, кондитерлік өнімдерді пайдалануды шектеуді айтты, деп жазады Zakon.kz.
Денсаулық сақтау министрлігі мектептерде тамақтану үшін санитарлық ережелер мен нормаларды шығарды. Мектептерде газды тәтті сусындар мен кондитерлік өнімдер сатуға тыйым салынды. Егер мектептерде газды сусындар мен шоколад, кола сынды өнімдер сатылса, ата-аналар қауымы дереу Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетімен хабарласуларыңызды сұраймын. Бұл бірінші ретте біздің балаларымыздың денсаулығы. Қажет болса мамандар барлығын тексереді, - деді министр.
Министрдің айтуынша, негізінде "бұл өте ауқымды мәселе".
«Өйткені өнеркәсіп бір орында тұрмайды. Олар жарнамалық науқандарды белсенді түрде жүргізеді. Біздің міндетіміз - халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, халық зиянды екенін түсінуі керек. Екінші жағынан, біз сауда-саттықты шектей алмаймыз», - деді ол.
Оның айтуынша, сол себепті де балаларды тамақтандыруға арналған стандарттар әзірленіп, олар мектепке жіберілді.
"Бала мектепте немесе үйде болған кезде зиянды өнімдерге шектеу қою. Біз отбасымызда дұрыс тамақтану мәдениетін өзіміз үйретуіміз керек. Бұл ең бастысы. Негізінде, бұл біздің халқымызға, біздің мәдениетімізге тән емес, сондықтан әрдайым бір нәрсеге қарсы тұрып, дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру керек. Бұл жағдайда тыйым салу арқылы көп нәрсеге қол жеткізе алмаймыз", - деді Е. Біртанов.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript