Жаңалықтар тізбегі
0

Пуна мэрі Астананы басқа қалаларға үлгі етті

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.07.2018 23:01 zakon.kz
Ресми өкілдің мәліметіне сүйенсек, Үндістанда Астананың үлгісімен «ақылды қалалар» бағдарламасыенгізіледі деп жоспарлануда.

Астанада «Global Silk Road» Жібек жолы елдері қалалары басшыларының форумы өтіп жатыр. Онда тұрақты даму, экономикалық әріптестік пен мәдени тәжірибе алмасуды нығайту мәселелері ортаға салынуда. Форум кулуарында Пуна мэрі Тилак Мукта (Tilak Mukta) Астананың қарқынды түрде дамып жатқанын, оны әлемдегі басқа астаналарға үлгі етуге болатындығын айтты, деп хабарлайды zakon.kz елорда әкімдігінің ресми сайты берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Жібек жолы елдері қалалары басшыларының форумында Үндістанды Пуна мэрі Тилак Мукта таныстырады. Бұл – оның Астанаға жасаған алғашқы сапары. Шараға ол өзінің жұбайымен келіпті.

«Мен бұл қала туралы көп естідім. Астана өте қарқынды дамып жатыр деп есептеймін. Астана – басқаларға үлгі болар шаһар», - деді мэр.

Оның айтуына қарағанда, форум жұмысының нәтижелері Үндістанға үлкен пайдасын тигізбек.

Айта кетейік, Пуна – бұл Махараштра штатындағы көлемі бойынша екінші қала. Ол мемлекеттің мәдени астанасы болып есептеледі.

Ресми өкілдің мәліметіне сүйенсек, Үндістанда Астананың үлгісімен «ақылды қалалар» бағдарламасыенгізіледі деп жоспарлануда. Мәселен, велосипедті автоматтандырылған жалға алу жобасы жүзеге асса, метрополитен құрылысына қатысты мәселелер шешіліп жатыр.

«Ақылды қалалар» - жаңа ұғымдардың бірі. Мен бұл форумға технологиялар, «ақылды қалалар» туралы көбірек білу үшін келдім. Оның нәтижелері біздің қаламыз үшін жемісті болады деген ойдамын. Үндістан халқы көп мемлекеттердің бірі болғандықтан біз қоршаған ортаға қатысты проблеманы дұрыс жолмен шеше аламыз», - деді ол.

Еске салайық, бүгін 2 шілдеде Астана Global Silk Road Жібек жолы елдері қалалары басшыларының форумының қатысушыларын қарсы алуда. Форумға 60 елден 2000 астам қатысушы тіркелді. Олардың 70-і – Жібек жолы елдері қалаларының басшылары, 150-і – шетелдік спикерлер мен модераторлар.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: