Жезқазған зауытында жұмысшы қаза тапты

www.inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.07.2018 23:48 www.inform.kz
Қайғылы оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр.

Жезқазған мыс қорыту зауыты күкірт-қышқыл цехының жұмысшысы қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Қазақмыс» корпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2018 жылдың 1 шілде күні «Kazakhmys Smelting» ЖШС-не қарасты Жезқазған мыс қорыту зауыты күкірт-қышқыл цехының маңайында соңы өлімге әкеп соққан оқыс оқиға тіркелді. Шаң, газ тазарту құрылғыларының операторы желдеткішті тазалау барысында қатты жарақат алып, бірден жан тапсырған» делінген хабарламада.

Қайғылы оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр. Оқиғаның мән-жайын тергеу үшін арнайы комиссия жасақталды. «Kazakhmys Smelting» ЖШС басшылығы мен қызметкерлері қаза тапқан жұмыскердің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: