Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада " Елбасы. Маңғыстау" атты кітаптың тұсауы кесілді

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2018 02:25 Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Маңғыстау облысының әкімі Е.Тоғжанов Мемлекет басшысына Достық үйінің эскиздік жобасын таныстырды.

Шілде айының 1 - 4 аралығында Маңғыстаулық өнерпаздар Астана қаласының 20 жылдық мерекесіне орай «Жаңғырған Маңғыстаудан – жасампаз Астанаға» атты мәдени шаралар ұйымдастырып, бас қаламыздағы думанды кештердің көркін қыздыруда. 1-шілде «Ұлттық домбыра» күні мерекесіне Абыл Тарақұлы атындағы ұлт аспаптар оркестрі Қазақ елі алаңын әуелеген әнмен көмкеріп, күмбірлеген күйге бөледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мереке қарсаңында «Өңірлердің Астанаға тартуы» бағдарламасы аясында Маңғыстау облысы "Достық үйін" сыйға тартып, Астананың 20 жылдығына ерекше тарту жасаған болатын.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2018 02:25

«Астана – жалпыұлттық бірлік пен келісім қаласы», - деген Ұлт Көшбасшысының сөзін маңғыстаулықтар сыйлаған маңғаз ғимарат айшықтап тұрғандай. Достық үйіне арнайы барып, сәулеттік ерекешелігімен танысып, ішін аралаған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елорданың этномәдени орталықтарының өкілдерімен және Маңғыстау облысының көрнекті қоғам қайраткерлерімен әңгімелесті.

– Еліміздің барлық өңірінде Достық үйлері бар. Онда облыстардың этномәдени бірлестіктері жұмыс істейді. Енді бас қаланың да Достық үйі болады. Сіздерді осы айтулы оқиғамен құттықтаймын! – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2018 02:25

Маңғыстау облысының әкімі Е.Тоғжанов Мемлекет басшысына Достық үйінің эскиздік жобасын таныстырды. Онда кітапхана, музей, халықтық қолданбалы өнер шеберханалары, конференц-зал және тілдерді оқыту орталығы үшін арнайы орындар қарастырылған. Ғимараттың жалпы аумағы – 4 мың шаршы метр. Кездесу барысында Маңғыстаулық қоғам қайраткерлері Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевқа "Елбасы. Маңғыстау" атты жаңа кітапты тарту етті. 1000 дана 5 бөлімнен тұратын тарихи хронологиялық кітап - Елбасының қамқорлығымен Маңғыстау өлкесінің облыс мәртебесіне қайта ие болуы, тәуелсіздік жылдарындағы облыстың гүлденуі және киелі түбектің өткен тарихы жайлы сыр шертеді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2018 02:25

Бұл публицистикалық повесть – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Қоры ұйымдастырған «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» республикалық конкурсында жүлделі екінші орынға ие болды. Су жаңа кітаптың тұсау кесер рәсімі Астана концерт залында қала тұрғындарының қатысуымен өтті. .

Маңғыстаулық өнерпаздар ұсынған мәдени кеш бүгін Астана концерт залында жалғасын тапты. «Жаңғырған Маңғыстаудан – жасампаз Астанаға» атты өнер шеберлерінің мерекелік концертін қойылды. Онда Абыл Тарақұлы атындағы қазақ оркестрі, «Жорға» би ансамблі, мәдениет саласының үздіктері Асқар, Асанәлі Көшеровтер және «Мен Қазақпын!» мегажобасының бас жүлдегері Оспан Құлсымақ сынды бірқатар өнер майталмандары өнер көрсетті. Сондай- ақ, Астаналық жұртшылыққа «Табиғаты таңғажайып – мұралы маңғыстау» облыстық тарихи-өлкетану музейінің көрмесі ұсынылды. Шара барысында сөз алған Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов: Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткендей: «Жаңа Астана – тәуелсіз Қазақстан үшін жарқын келешектің нышаны», «Астана – Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі!».

Елбасының саяси көрегендігімен бас қала атанған, еліміздің бойтұмарына айналған Астана тұрақты дамудың, өсу мен өркендеудің даңғыл жолына түсті. Бүгінде көзді ашып – жұмғанша миллионнан астам тұрғыны бар болашаққа бой түзеген арман қалаға айналды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2018 02:25

Олай болса, Астана – егемендігіміз бен тәуелсіздігіміздің символы, Отанымыздың тірегі мен мақтанышы. Маңғыстау жұрты Елбасымыздың мән-маңызы зор бағдарламаларына әрқашан қолдау білдіріп, елордамызды, елімізді көркейте түсуге атсалысып, үлес қосуды үлкен абырой, міндет санайды. Елордамыздың гүлденіп, өркендеуіне өз үлесімізді қосу мақсатында күні кеше «Достық үйінің» ел игілігіне пайдалануға сыйға тарту етілді. Айтулы шараға Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының өзі қатысқан болатын.

Ал, 4-шілдеде «Этно ауыл» ұлттық мәдени кешені мен «Қазанат» ипподромында Маңғыстау облысы шығармашылық ұжымдарының концерті өтеді.

Сондай-ақ, Қазақ оркестрлерінің V Республикалық «Серпер» фестивалі аясында Абыл Тарақұлы атындағы ұлт аспаптар оркестрінің концерттік бағдарламасы елордалық өнер сүйер қауымның назарына ұсынылмақ.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: