Нұрсұлтан Назарбаев туған ауылы жайында айтып берді
oraloniri.kz
Елбасының сұхбаты Ақорданың Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланды.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кіндік қаны тамған Шамалған ауылы жайында айтып берді, деп жазады Zakon.kz.
Елбасының сұхбаты Ақорданың Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланды.
Менің туған ауылым, онда бәрі маған ыстық, тау-тасы, ағынды өзен, тау жотасындағы жайқалып өсетін қызғалдақ, ал көкнәр гүлдегенде көздің жауын алатын. Сол көкнәрдің ортасында балалармен футбол ойнайтынбыз, бәріміз жиналып жидек теруге тауға шығатынбыз, дәл қазір бәрі көз алдымда. Қиналған шақта- түнде жатып ойланасың, сол жолдың жиегімен келе жатқаным, анаммен атқа мініп жүргенім есіме түседі. Мен қалғып кетіп құлап қалмасын деп анам мені атқа байлап қоятын. Таудың ортасынан өтіп келеміз, астымызда гүрілдеген өзен, анам ән салатын, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript