Жаңалықтар тізбегі
0

Керосинді өзіміз шығарсақ, ұшақ билеттері арзандай ма

www.inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.07.2018 20:07 www.inform.kz
Сарапшының айтуынша, Қазақстан керосинді өз күшімен көптеп шығарса, жаңа үлгідегі өнімді сақтау мәселесін де ескеру керек.

Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (International Air Transport Association, IATA) отандық керосиннің көлемін арттыруға қатысты өз ұстанымын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған ұйымның Орталық Азия бойынша аймақтық менеджері Джордан Қарамалақовтың айтуынша, бүгінде отандық әуе компанияларына жыл сайын 600-650 мың тонна керосин керек. Алайда Қазақстан аталған сұраныстың тек 50 процентін, шамамен 300 мың астам тоннаны ғана өндіреді.

Қалғаны сырттан жеткізіледі.

«Негізі, сұраныстың өсетінін де ескеру керек. Биыл 650 мың тонна керек болса, келесі жылы 700 мың тонна қажет болады. Себебі авиация өсіп келеді. Қазақстан сияқты мемлекеттерде авиация жыл сайын 10 процентке өсіп тұрады. Сондықтан керосинге деген сұраныс да арта түседі. Осыны ескеру керек», - деді Дж.Қарамалақов ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

Сарапшының айтуынша, Қазақстан керосинді өз күшімен көптеп шығарса, жаңа үлгідегі өнімді сақтау мәселесін де ескеру керек. Ал әуежайлар оған дайын емес. Қазіргі кезде сақтау қоймалары ТС-1 үлгісіндегі керосинге арналған. Ал жаңа үлгідегі Jet A-1-ді сақтау шарттары өзгеше.

«Жоспар бойынша өнім өндірушелер Jet A-1-ді шығаруға көшеді. Демек, тұтынушылар, яғни әуежайлар да жаңа стандарттарға көшуі тиіс. Әзірше, әуежайлар ондай керосинді сақтауға дайын емес. Демек, жанар-жағар май болады. Бірақ оны ешкім сақтай алмайды. Бұндай сценариймен кете берсек, қиын болады», - деп атап көрсетті Дж.Қарамалақов.

Jet A-1 үшін әуежайлар сақтау қоймаларын кеңейтіп қана қоймай, құбырлар жүйесін өзгертіп, жаңа үлгідегі керосинді бақылау зертханаларын арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуі керек.

Оған да біраз ақша кетеді.

«Дәл осы мәселелерді шешудің нақты жоспары жоқ. Меніңше, мемлекет деңгейінде жоспар болуы қажет. Аталған құжатта қоймаларды жаңарту мерзімі, шығындар және сол шығындарды өтеу жағын ескергеніміз жөн. Онсыз әуежайлар қатты шығындалады. Ал ондай шығын көп болса, билеттің бағасы өзгереді. Өйткені билет бағасының 30 проценті - ол керосиннің бағасы», - дейді Дж.Қарамалақов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: