Қостанайда үшем дүниеге келді

www.vsluh.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.07.2018 16:28 www.vsluh.ru
Қостанайда 23 жастағы Анна Алименко жақында үшемнің анасы атанды.

Күйеуі 25 жаста. Олег Алименконың айтуынша, олар үшемнің ата-анасы боламыз деп күтпепті, деп жазады stan.kz.

«Дәрігерлер үшемнің өмірге келетінін айтты. Әйелім жағынан да, өзімнің қанымда да үшемдер тумаған. Біз үшін тосын жайт болды», – дейді үшемнің әкесі.

Үшемдер 29 маусым күні өмірге келді. Үшемнің бірі жансақтау бөлімінде жатыр.

«Полина, Асофья, Варвара есімді қыздарыма қазір көмек керек. Ата-әжесі қарайлап жатыр. Мемлекетке үш баланы сыйладық. Енді бізге де баспана жағынан көмектессе екен», – дейді Олег.

Әкесі автоэлектрик болып жұмыс істейді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: