Дәріханадағы сатушы ӘЧ-ге келген шетелдік жанкүйерлерге тесілген мүшеқап сатқан
zdorovie.com
Алайда дәріхана басшылығы әйелдің мемлекет халқының қамын ойлап жасаған әрекетін бағалаған жоқ.
Ресейдің Нижний Новгород қаласында шетелдік жанкүйерлерге тесілген мүшеқаптарды сатқан сатушы жұмысынан қуылды. 62 жастағы Людмила өзінің әрекетін мемлекеттің генофондын жақсартқысы келгенімен түсіндірді. Бұл туралы bloknot.ru басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
«Мен ештеңеге өкінбеймін. Біздегі маскүнемдерді көрдіңіз бе? Ал бізге келген жігіттер қандай! Бірі-бірінен өткен сымбатты, тартымды, шыныққан. Бізбен генофондын бөліссін. Оларға ләззат, ал біздегі келесі ұрпақ мүлдем басқаша болады», – дейді ол.
Сонымен қатар сатушы өз әрекетінен кейін қыздар да өзгеретінін айтты.
«Олар аз қыдыратын болады. Себебі баламен ойыңдағыны жасап, серуендей алмайсың. Қазіргідей сұмдық емес, әдепті қыздарға айналады», – дейді сатушы.
Өз кезегінде Людмила шетелдіктермен жыныстық қатынаста болудың ерсілігі жоқ екенін айтты. Ол 80 жылдардағы Олимпиада ойындарынан кейін егіз бала тапқан.
Алайда дәріхана басшылығы әйелдің мемлекет халқының қамын ойлап жасаған әрекетін бағалаған жоқ. Одан жұмыстан өз еркімен босату туралы өтініш жазу талап етіліпті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript