Ақтауда мас ер адам анасын ұрып өлтірді
sputniknews.kz
Маңғыстау облысы ІІД жанжал кезінде ер адамның мас болғанын растады.
Ақтауда отбасылық жанжалдың соңы адам өлімімен аяқталды. Анасымен сөзге келіп қалған ер адам әйелді ұрып өлтірген деп жазады sputniknews.kz.
Оқиға орнына келген полицейлер тек күдіктінің өзін тапты. Ол қаза тапқан әйелдің туған ұлы. Жас жігіт кінәсін мойындады. Белгілі болғандай, мас жігіт анасымен жанжалдасып, артынша ұрып өлтірген.
Ведомствоның мәліметінше, аталған факті ҚР ҚК 99-бабы бойынша Бейнеу АІІБ сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді.
ҚР ҚК бабына сәйкес, күдікті сегіз жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript