Египетте парсы дәуіріне жататын 35 мумия табылды
www.24.kz
Ғалымдар бұл жаңалық мумияның мыңдаған жыл бойы өзгеріссіз сақталғанын түсіндіруге жол ашады деп есептейді.
Египет археологтары қайтыс болған адамдардың денесін шірітпей сақтайтын шеберхананы тапты. Ол жер астында 30 метр тереңдікте табылды. Бұл туралы zakon.kz Хабар 24 арнасы жазған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
Ғалымдар бұл жаңалық мумияның мыңдаған жыл бойы өзгеріссіз сақталғанын түсіндіруге жол ашады деп есептейді. Қазба жұмыстары кезінде тас табытқа салынып көмілген 35 мумия табылды. Мамандар бұны Ежелгі Египет тарихының парсы дәуіріне жатқызды. Ол біздің заманымызға дейін 4 ғасырға сай келеді. Сол кезде Ескендір Зұлқарнайын елге шабуыл жасап, басып алған болатын.
Рамадан Бадри Хуссейн, археологиялық экспедиция басшысы: - Біз мәйіттерді көму және қатыру әдістері туралы көп білеміз. Ал бұл жаңалық көптеген жаңа аспектілерге жол ашады. Біріншіден, мумия жасау үшін қандай май қолданды? Оның химиялық құрамы қандай болды? Екіншіден, кейбір мәйіттер жанынан көптеген асыл тастар мен әшекей бұйымдар табылды. Бұл ақпарат сол замандағы адамдардың экономикалық ахуалына қатысты жақсы дереккөз болады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript