Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандықтар қызыл түске боялған Айды көреді

www.inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.07.2018 15:36 www.inform.kz
Виктор Тейфель Ай немесе Күн тұтылуының адамдарға еш кері әсері тимейтіндігін атап өтті.

Шілденің 27-сінен 28-іне қараған түні Қазақстанның барлық және Ресейдің көп бөлігінің тұрғындары сирек кездесетін, бірақ өте қызық және өзгеше астрономиялық құбылысты тамашалай алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осы түні толған Ай өз орбитасында батыстан шығысқа жылжи отырып, Жердің көлеңкесіне кіреді.

Былайша айтқанда, Айда толықтай Күн тұтылады: Жер Күн мен Айға түсетін жарықты бірнеше сағатқа жабады. Бұл туралы ҚазАқпаратқа В.Г.Фесенков атындағы Астрофизика институты Ай физикасы мен ғаламшар зертханасының жетекшісі, профессор, физика-математика ғылымдарының докторы ВикторТейфель айтты.

«Біздер - жердегілер үшін Жердің жартылай көлеңкесіне кіретін Ай, алдымен, жәйлап көзден ғайып бола бастайды. Кейін Айдың дискісін планетамыздың қара көлеңкесі біртіндеп жаба бастайды. Бұдан соң Ай толықтай Жердің көлеңкесіне енеді. Ең қызықты құбылыс осы кезде болады. Ай толығымен жоғалып кетпей, қою қызыл немесе қызғылт түске боялып, көрініп тұрады. Бұл түс түрлі тұтылу кезінде әртүрлі болып өзгеруі мүмкін», - деп түсіндірді профессор Тейфель.

27 шілде күні Ай жердің күңгірт көлеңкесіне Астана және Алматы уақыттары бойынша 23 сағат 13 минутта кіре бастайды.

Айдың дискісі жер көлеңкесінің шетіне 00 сағат 24 минутта сәйкес келеді.

Ай жердің көлеңкесіне 01 сағат 30 минутта толықтай кіреді. Толық тұтылу 03 сағат 13 минутта аяқталады. Ай 04 сағат 19 минутта көлеңкеден шығады.

Виктор Тейфель Ай немесе Күн тұтылуының адамдарға еш кері әсері тимейтіндігін атап өтті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: