Алматыда ірі даңғылдардың бірінде Mitsubishi Delica көлігі жол белгілерін бұзып кетті
Алматыда Mitsubishi Delica көлігінің қатысуымен жол көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Минивен жүргізушісінің айтуынша, ол Рысқұлов даңғылымен батыс бағытта келе жатқан. Жансүгіров пен Ратушный көшелерінің арасында жер үсті жаяу жүргіншілер өткелі бар. Delica жүргізушісі белгісіз бір адамның сол өткелдің астынан жолды жүгіріп өткенін айтады. Соқтығысты болдырмау үшін, ол тежегішті басып, рульді бұрып жіберген. Минивэн жолды бөліп тұрған бөгеттен өтіп кетіп, соның бойымен жол белгілерін бұзып 50-60 метрге дейін жүрген. Белгілердің бірі қарсы бағытта келе жатқан Газельге тиіп кетіп, мемлекеттік нөмірін ұшырып жіберген.
Жаяу жүргінші тоқтамай, қашып кеткен. Зардап шеккендер жоқ.