Шекарадағы елді мекендерде отандық радио хабар тарата бастады
liter.kz
Министр Абаевтың айтуынша, бұл іс жалғасын табады.
Биылғы жылдың маусым айында 72 елді мекенде отандық "Шалқар" радиосы хабар тарата бастады. Бұл туралы zakon.kz, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың берген мәліметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Дәурен Абаев министрлік құрылған уақыттан бері ел тұрғындары мен депутаттар еліміздің шекаралық аймақтарындағы отандық радио хабарларын тарату мәселесін шешуімізді сұрап көптеген өтініштер жолдағандарын тілге тиек етті.
Бұл мәселені шешуге біраз уақыт керек еді. Биылғы жылдың маусым айында Түркістан облысы Түлкібас пен Сайрам аудандарының 72 елді мекенінде, сондай-ақ Арыс қаласында «Шалқар» радиосының таратылымын кеңейту жұмыстары толық аяқталды. Бұл алғашқы қадамдардың бірі ғана. Алдағы уақытта шекаралық аймақтарда отандық радио хабар тарату жұмыстарын жалғастыра береміз, - деп жазды Абаев өзінің фейсбук парақшасында.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript