Таразда есірткі сатумен айналысқандар құрықталды
Облыс орталығында есірткі заттарын заңсыз алып жүру және сатумен айналысқан екі азамат ұсталды, – деп хабарлайды «Zhambylnews» AA ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ағымдағы жылдың 16 шілдесінде ІІД ЕКБ бөлімі қызметкерлерінің «Көкнар» ЖІІШ кезінде ҚР ҚК 259 – бабы, 1-1 бөлімі бойынша істі болған 35 жасар Н. есімді және мен 30 жастағы Д. есімді Тараз қаласының тұрғындарын ұстады.
Н. есімді тұрғынның үйін тінту барысында 1 кг 918 гр салмақтағы «кептірілген марихуана» есірткі заты табылып, тәркіленді. Ол, сондай-ақ, басқа адамдарға есірткі заттарын қолдану үшін өз үйін пайдалануға берген.
Тұтқындалғандарға қатысты ҚР ҚК 297 бабы 3 бөлімі 1 тармағы бойынша бастапқы тергеу амалдары басталды.
Күдіктілер кіналарын мойындап, Тараз қаласының уақытша ұстау абақтысына қамалды.