Бүгін еліміздің кей өңірлерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 24 шілде күні Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады және жел күшейеді, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Республика бойынша жекелеген жерлерде тұман, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.
Ақмола, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде дауыл күтіледі, желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.
Ақмола облысында түнде және таңертең тұман болжанады.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с артады, бұршақ болуы мүмкін. Қарағанды, Павлодар облыстарының жекелеген аумақтарында бұршақ жаууы ықтимал. Түнде және таңертең тұман болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Қызылорда, Түркістан, күндіз Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады. Қызылорда, Түркістан облыстарында шаңды дауыл тұрады.
Сондай-ақ Ақтөбе облысының басым бөлігінде, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады. Бұдан бөлек, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан облыстарында, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.