Грекияда орман өртінен 20 адам қаза тапты

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2018 17:49 Baq.kz
Грекия билігінің өкілі Димитрис Цанакопулос одан бөлек 69 адам ауруханада жатқанын, олардың денсаулық жағдайы ауыр екенін айтты.

Афинаның маңында болған өрт 20 адамның өмірін жалмады, деп хабарлайды Baq.kz.

Грекия билігінің өкілі Димитрис Цанакопулос одан бөлек 69 адам ауруханада жатқанын, олардың денсаулық жағдайы ауыр екенін айтты.

Бұған дейін өрт Афина мен Коринф арасындағы жағалаудағы елдімекенге дейін жеткені жазылған болатын. Өрт сөндіруге он шақты өрт сөндіру көлігі, үш өрт сөндіру ұшағы және екі тікұшақ қосылды, бірақ қатты соққан жел өртті дер кезінде ауыздықтауға мүмкіндік бермеді.

Грекия билігі Афинаның батысы мен солтүстік-шығысында орналасқан аудандарға төтенше жағдай жариялады. Ол жақта жазда өрт жиі болып тұрады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: