Вице-министр Теннің өліміне қатысты күдіктінің Астанадан қалай қашып кеткенін айтты

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2018 19:27 zakon.kz
Рашид Жақыповтың айтуынша, оған қатысты заңға сәйкес, жеделдетілген процедурада сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Осы процедура оған Астананы тастап, Алматыға кетуіне мүмкіндік берген.

ҚР ІІМ өткен брифинг барысында ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов Денис Теннің өліміне қатысты күдікті Арман Құдайбергеновтың әділет орындарынан жасырынып Астанадан Алматыға қалай келгені жайлы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Ол 11 шілде күні Астанада ұсталған. Оған қатысты заңға сәйкес, жеделдетілген процедурада сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Бұл процедура бойынша тергеу 15 күнде жүруі тиіс және бұлтартпау ретінде тіркеліп отыру шарасы қолданылған. Тіркелу міндеттемесі күдіктінің қалаларға баруына шектеу салмайды, тек белгіленген уақытта келіп тұрса жеткілікті", - деп атап өтті Рашид Жақыпов.

Сондықтан, вице-министрдің пікірінше, Құдайбергенов заң орындарынан жасырынып, іс сотқа түскенге дейін Астанадан кетіп қалуы мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: