Елімізде 124 домендік атау бұғатталды
www.24.kz
Белгілі болғаны, аталған сайттар желі қолданушыларының жеке деректерін бұзып, қауіпті бағдарламалар таратқан.
Елімізде 288 қауіпті сайт анықталды. Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің хабарлауынша, интернет желісінің қазақстандық сегментінде 124 домендік атаудың жұмыс істеуі тоқтатылған деп жазады Хабар 24 арнасы.
Белгілі болғаны, аталған сайттар желі қолданушыларының жеке деректерін бұзып, қауіпті бағдарламалар таратқан.
Енді мамандар осы интернет-ресурстарды пайдаланған азаматтарға антивирустық құралдардың көмегін компьютерлерін тексеруді ұсынады.
«Сондай-ақ бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңартып отырған абзал», – дейді олар.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript