Түркістанда күйеуі өлімші етіп сабаған 19 жастағы келіншек жоғалып кетті
stan.kz
Жоғалып кеткен келіншекті күйеуі 7 ай бұрын алып қашып үйленген.
Түркістанда күйеуі ұрып-соққан жас келіншек 4 күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды Stan.kz.
Жоғалған келіншек жайлы журналист Гүлмира Әбіқай желідегі парақшасында жазып, суретін жариялады.
Айтуынша, жоғалып кеткен келіншекті күйеуі 7 ай бұрын алып қашып үйленген. Содан бастап ұрып-соғып, бірнеше рет төркініне кетіп қалып жүріпті. Тіпті, аяғы сынып, қолы шытынап келген күндері болған.
“Күйеуі өлімші қылып сабап, таңғы 6-да үйден шығып кеткеніне бүгін төртінші күн. Содан бері Жансаяны көрдім-білдім деген адам жоқ. Жасы 19-да. 7 ай бұрын көрші ауылдың баласы алып қашты. Екі айдан соң төркініне көкала қойдай боп аяғы сынып келді, үш айдан соң қолы шытынап тағы келді. Бұл жолы үшінші рет келгенде келін болған жерден түңілдім деп кесіп айтты. Шымкенттік жеңгелер қойсын ба, соңғы рет деп түнделетіп күйеуіне қайта қосты”, – деп жазады журналист.
Соңғы жолы келіншек таңертең үйінен кетіп, қайта оралмаған. Оны 4 күннен бері іздеп жатыр
“Таңғы алтыда енесі, күйеуі бәрі төсек сипап қалды. Жас келін белгісіз жаққа кеткен күйі жоқ. Бүгін төртінші күн, оқиға Түркістан обл, Созақ ауданында орын алды. Жансая дәл осы күйде үйден безіп шыққан, ақ жаулықты келіншекті кім көрді??”, – деп жазады Гүлмира Әбіқай.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript