Семейлік тұрғын үйінен патша дәуіріндегі монеталарды тауып алды
Хабар 24
Ең ескі жәдігер 1833 жылы соғылған және олардың бәрі сол қалпы сақталған.
Семей тұрғыны үйінің тозығы жеткен еденін ауыстыру кезінде патша заманында соғылған монеталарды тауып алды, деп хабарлайды Хабар 24.
Марат Сасановтың айтуынша, 20 дана «сөлкебай» бөлмелердің әр жерінде шашылып жатқан. Баспана осыдан 173 жыл бұрын тұрғызылған. Үй иесі, көне ақшалар құрылыс кезінде түсіп қалған деп есептейді. Ең ескі жәдігер 1833 жылы соғылған және олардың бәрі сол қалпы сақталған. Монеталардың көбі бес тиындық, арасында бір тиындықтар да бар.
– Қаламыздағы «Прииртыш» өлкетану қоғамының төрағасы болсам да, мен осынша көлемдегі монеталарды өз үйімнен тауып аламын деп ойламаппын. Бұлардың тарихи құндылығы жоғары. Әсіресе, нумизматтар үшін таптырмас жәдігер. Ең бастысы, олардың бәрі сапасын жоғалтпаған, жақсы сақталған, - дейді Семей қаласының тұрғыны Марат Сасанов.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript