Алматылықтар екі мәрте жер сілкінісін сезінді

www.inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2018 15:33 www.inform.kz
Алматыда жер дүмпуі 2 балл деңгейінде сезілді.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедиясы» ММ стансалар желісі Алматы қаласында 3 минутта қайталанған 2-3 балдық екі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2018 жылдың 26 шілдесінде 23 сағат 29 минутта жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 109 км қашықтықта (Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Шолақ ауылының маңы) орналасқан. Зілзаланың энергетикалық класы - 11.4. Тербелісі - 5.4. MPV. Тереңдігі 15 км», - делінген хабарламада.

Алматыда жер дүмпуі 2 балл деңгейінде сезілді. Жер сілкінісі арада 3 минуттан соң сағат 23:32-те қайталанды.

Жер дүмпуінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 111 шақырымда тіркелді. Зілзаланың энергетикалық класы - 12.1. Тербелісі - 5.7. Тереңдігі 30 км. Жер дүмпуі Алматы қаласында 2-3 балл болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: