Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада 7 мыңнан астам адам гепатит індетіне шалдыққан

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2018 17:55 Хабар 24
Гепатит немесе сары ауру – гепатит вирустары мен инфекциялардан болатын бауырдың өткір және созылмалы қабыну аурулары.

2017 жылдың статистикалық деректеріне сүйенетін болсақ, Астана қаласында гепатит ауруына шалдыққан 7005 адам тіркелді: оның 95-і бала және 6910-ы ересек адам, деп хабарлайды Хабар 24.

Гепатит немесе сары ауру – гепатит вирустары мен инфекциялардан болатын бауырдың өткір және созылмалы қабыну аурулары. Гепатиттің А, В, С, D және E түрлері бары белгілі. Олардың әрқайсысының өз ерекшеліктері бар.

Гепатит көбінесе симптомсыз өтеді немесе басқа аурулардың симптомдарына ұқсас келетіндіктен, диагнозды дер кезінде қою қиын. Сонысымен гепатит қауіпті ауру болып саналады. Асқынуының салдарынан бауыр циррозы, бауыр ісігі, фиброз сияқты қауіпті сырқатқа алып келеді.

Гепатит вирустары ластанған тағамдар мен су пайдалану, антисанитарлық жағдайда өмір сүру, вирус жұққан қанды құю, босану кезінде жұқтыру, жыныстық қатынас, ағзаға улы заттардың түсуі, жеке гигиена талаптарын сақтамау сияқты түрлі жолдар арқылы беріледі. Ал вирустан қорғанудың ең басты жолы – аурудың алдын алу, яғни жеке тазалықты сақтау, таза ауыз суды тұтыну, қауіпсіз жыныстық байланыс, нашақорлық құралдарды қолданудан бас тарту, косметикалық шараларды арнайы мекемелерде жасату, инъекция үшін бір реттік ине мен шприцті қолдану, қан өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, вакцинация жасау.

Иммундау шарасы жыл сайын 2-3 миллион адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді. «Қазақстанда соңғы 25 жылда жаппай екпе жасау нәтижесінде В гепатитімен ауырған балалар саны 1234,5, ересектер саны 311,5 есе азайған. Қазіргі таңда гепатиттен қорғанудың ең тиімді жолы – екпе салдыру. Бұл ретте мемлекет кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті арқылы азаматтарға қауіпті аурулардың, соның ішінде, гепатиттің алдын алуға зор мүмкіндік береді», – деді «ӘМСҚ» КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалының директоры Н.Қабдықапаров.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: