Жаңалықтар тізбегі
0

Маңғыстау облысында биыл 9 жаңа мектеп пайдалануға беріледі

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2018 23:00 Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Биылдыққа облыста 920 орындық 10 балабақша ашылса, жыл соңына дейін тағы 23 бөбекжай іске қосылады

Облыстық Мәслихаттың кезектен тыс сессиясында Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов әлеуметтік салаға да тоқталып, бұл бағытта атқарылған жұмыстарды жайында баяндады. Халық санының өсу қарқынын есепке ала отырып облыс мектептерінде үш ауысыммен оқытуды болдырмау бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілді.

Жаңа оқу жылында сыйымдылығы 6300 орындық жаңа 9 мектеп пайдалануға беріледі. Биылдыққа облыста 920 орындық 10 балабақша ашылса, жыл соңына дейін тағы 23 бөбекжай іске қосылады. Осылайша жыл аяғына дейін балабақшамен қамту көрсеткішін 100%-ке жеткізу күн тәртібінде - деді өңір басшысы.

Денсаулық саласындағы келеңсіздіктерге жол бермеу мақсатында медицина мекемелері желісін кеңейту бойынша келесі жұмыстар жүргізілуде. 23 медициналық ұйымдар үшін адам денсаулығындағы акауларды ерте мерзімде анықтауды қамтамасыз ететін құны 1 млрд.теңге 16 заманауи УЗИ аппараттар сатып алынады. Облыс орталығындағы Ана мен бала өңірлік Орталығының құрылысы аяқталады.

Елбасы биылғы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты жолдауында экономиканың барлық саласында цифрлық технологиялардың ауқымды түрде енгізілуін қамтамасыз ету қажеттігін атап көрсетті. "Қазақтелеком" компаниясының қолдауымен облыстың көптеген елді мекендері интернет желісімен толықтай қамтылып, оның жылдамдығы арттырылды. Білім беру ұйымдарында "Egov.kz" порталы арқылы "Балабақшаға кезекке қою", "Оқушыларды мектепке қабылдау", "Электронды журнал", "Электрондық колледж" автоматтандырылған жүйесі толық енгізілген. Мектептер толығымен mektep.edu.kz ақпараттық жүйесіне қосылған. Ақпараттық жүйенің педагогтарға және ата-аналарға арналған мобильдік қосымшалары жұмыс жасайды.

Цифрландыру саласын жүйелі қолға алудың нәтижесінде еңбек өнімділігі 30%-ға артып, қызмет көрсету уақыты 5 сағаттан 15 минутқа дейін қысқарды. Облыстағы 90 денсаулық сақтау нысандары кең жолақты интернетке 100% қосылды. "Damumed" кешенді медициналық ақпараттық жүйесі енгізілді. Нәтижесінде еңбек өнімділігі 50%-ға артып, халықтың 91%-нің электронды денсаулық паспорты жасалды. Ағымдағы жылдың қаңтар айында облыста Электронды еңбек биржасы құрылды. Жыл басынан бері Еңбек биржасына 4 мыңнан астам азамат тіркелді.

"Жасыл экономика" элементтерін енгізу бойынша облыста бірқатар жұмыстар атқарылды. Бұл орайда, жеке инвестор қаржысына Мұнайлы ауданының Батыр ауылында қуаты 2 МВт күн электр станциясының құрылысы (құны 1,2 млрд. теңге, 10 жұмыс орны, мердігер - "Бест Групп НС" ЖШС) аяқталып, пайдалануға берілгенін атап өту қажет.

Осы инвестордың қатысуымен 2-жартыжылдықта қуаты 5 МВт жел электр станциясы Түпқараған ауданының Ақшұқыр ауылында пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар, Түпқараған ауданында инвестициялық құны 60 млн.АҚШ долларын құрайтын қуаты 42 МВт тағы бір жел электр станциясын салуға шетелдік инвесторлармен меморандумға қол қойылды. Жобада әрқайсысы 2,5 МВт болатын 17 жел генераторын қондыру қарастырылған. Құрылыс жұмыстары тамыз айында басталады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: