Трамптың баж салығына бола Coca-Cola қымбаттайды
Baq.kz
Квинси мұндай тәжірибенің Coca-Cola үшін «ерекше жағдай» екенін атап өтті.
Америкалық лидер алюминийге баж салығын көбейткендіктен, енді шырындарға арналған бөтелкелер қымбаттайды. Бұл туралы компанияның бас дирекоры Джеймс Квинси айтты, деп хабарлайды Baq.kz.
Квинси мұндай тәжірибенің Coca-Cola үшін «ерекше жағдай» екенін атап өтті.
«Бірақ болат пен алюминий бағасы өсіп келеді. Сол себепті еңбек те жоғары бағаланатын болады», - дейді бас директор.
Квинси сусынның бағасы қашан және қаншаға өсетінін айтпады. Сондай-ақ, ол бұл шешімнің шетелдік нарыққа қаншалықты әсер ететінін де нақтыламады.
Естеріңізге сала кетсек, наурыз айының соңында АҚШ болат пен алюминийге баж салығын 25% және 10% көлемінде арттырды. Канада, Мексика және ЕС мемлекеттері үшін салық 1 маусымға дейін тоқтатылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript