БҚО-да қос автокөлік өртеніп, 7 адам жанып кетті
![www.inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2018 23:27](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-c410fe0c-66ba-42cd-a9f3-f279b1b5702d/800x452.webp)
Батыс Қазақстан облысында қос автокөлік өртеніп, 7 адам жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 30 шілде күні сағат 03.06-да Самара-Шымкент жолының 318-шақырымында, Сырым ауданы аумағында «ВАЗ-2114» және «ВАЗ-2170» автокөліктері түйіскен.
Содан кейін қос көлік толықтай өртеніп кеткен.
Оқиға орнына БҚО ТЖ департаментінен 1 қызметкер мен 1 техника, «Өрт сөндіруші» АҚ филиалынан 9 қызметкер және 1 техника барған.
Өрт сөндірілген. Қаза тапқандардың кім екені анықталу үстінде.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, сағат 03.15-те жедел жәрдем шақырылған.
7 адам өртенген. Мүрделерді полиция алып кеткен. БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі болған оқиғаны растап, мәліметті кейін беретіндігін жеткізді.