Бүгін республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, жел күшейеді
Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, жел күшейеді. Оңтүстікте оның соңы шаңды дауылға ұласады, түнде және таң ата солтүстікте тұман түседі, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Қостанай, Ақмола, күндіз Солтүстік Қазақстан облыстарында бұршақ жауып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшеюі мүмкін, түнде және таң ата тұман түседі.
Павлодар, күндіз Шығыс Қазақстан облысында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Бұршақ жауып, түнде және таң ата тұман түсуі ықтимал.
Қарағанды, күндіз Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда облыстарының бірқатар аймақтарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады. Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады. Маңғыстау, Атырау облыстарында аптап ыстық болады.
Қызылорда, Түркістан облыстарында және Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі сақталады.