Қатты желден электр бағанасы құлап, жүргізушілерді тоқ соға жаздады
sputniknews.kz
Заречное ауылы маңында қатты желден электр бағанасы құлап, электр желісі тас жолдың үстінде салбырап қалған.
Солтүстік Қазақстан облысы подполковнигі жүргізушілерді тоқ соғу қаупінен құтқарып қалды, деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі Sputnik агенттігіне.
Тимирязев АІІБ басшысының орынбасары Нарлан Жұмабаев өзінің демалыс күні Петропавлға бара жатқан. Сол күні қатты жаңбыр жауып тұрады.
"Заречное ауылы маңында электр желісі бағанасының құлап қалғанын көреді. Тас жолдың үстімен өтетін электр желісі салбырап, жеңіл көліктің деңгейінде төмендеп қалған екен. Полиция подполковнигі көліктен шығып, артында келе жатқан жүргізушілерді тоқтатқан", — деп мәлімет берді полиция.
Жұмабаев энергетиктерді шақырып, апаттық бригада келгенше сол жерде қозғалысты реттеп, көліктер мен адамдарды электр желісінен сақтандырып тұрған. Қалаға бара жатқан көліктерді қарама-қарсы жолақ арқылы қауіпті жерден айналып өтуге бағыттады.
Кейінірек "Солтүстік Қазақстан электр желісін таратушы компаниясы" Нарлан Жұмабаевтың басшылығынан полиция подполковнигін марапаттауды сұрады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript