Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында сәбиін сатпақ болған қыздың әжесі мән-жайды түсіндірді

inalmaty.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.08.2018 15:40 inalmaty.kz
Нағашы апасының айтуынша, 20 жасар қызы оң жақта отырып жүкті болған.

Біреу осылайша ұл-қызы үшін басын қауыпке тіксе, екінші әйел бауыр еті баласынан құтылудың амалын таппай жүр. Алматы облысында туған бойда сатылды деген баланы анасы тіпті тегін бермек болыпты деп жазады КТК телеарнасы.

Нағашы апасының айтуынша, 20 жасар қызы оң жақта отырып жүкті болған. Содан өз әкесіне қажетсіз сәбиді бір перзентке зар болып жүрген отбасыға сыйламақ болады.

Ал ақша туралы әңгіме мүлдем қозғалмаған көрінеді.

Тура перзентханада сатылып кете жаздаған сәбидің нағашылары осы үйде тұрады. Күллі елдің есін шығарған оқиғадан соң олар есік-терезелерін тұмшалап алған. Тірі жанмен сөйлесуге құлықтары жоқ. Тауарға айналған сәбидің нағашы әжесі бізге мән-жайды қоршаудың ар жағынан айтуға ғана келісті. Сөзіне сенсек, шақалақты ақшаға айырбастау мүлдем ойларында болмаған. Оны бір перзентке зар отбасыға тегін бергілері келіпті. Бәріне 20 жасар Кәмшат есімді қызының оң жақта отырып от басуы себеп екен.

-Қызым әкесіне керек емес деді. Баланы алдыртып тастаймын дегесін, обал болады деп алдыртпаған мен едім, жаным. Енді ол жерде сатылады деген ештеңе болған жоқ. Қызым «менің аяғыма оралғы болады, мама, ертеңгі күні» деп ойбайлағаннан кейін келісіп едім.

Алайда бұған дейін қылмыстың алдын-ала жоспарланғаны, тіпті баланың 1 миллион теңгеге бағаланғаны айтылған еді. Осы ақпарат Береке ауылындағы жұрттың да әбден берекесін қашырыпты. Кәмшаттың отбасы мұндай қадамға барды дегенге олар әлі де сенбейді.

Вера Шабанова, Береке ауылының тұрғыны: -Мұны естіп, төбемізден жай түскендей болды. Негізі, өте жақсы отбасы еді. Бұған дейін қыздарының жаман қылығын көрген емеспіз.

Еске салсақ, полицейлер өткен аптада жаңа туған нәрестені сатқалы жатқан топтың үстінен түскен еді. Оқиға Қаскелеңдегі ауруханада болған. Күдіктілер қатарында баланың туған анасы, нағашы әжесі және оны сатып алмақ болған әйел бар. Бұған қоса, перзентхана дәрігері де айыпталып жатыр. Бастапқыда олардың бәрі қамауға алынғанымен, көп ұзамай бостандыққа жіберілген.

Сергей Незнаев, Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы: -Расымен Қарасай ауданында болған бала сату ісіне қатысы бар адамдар кепілмен бостандыққа жіберілді. Кепіл соммасы мен басқа да мәліметтерді сот айтады.

Сот тек көкек ананы ғана қамауда қалдырған. Алайда денсаулығына байланысты қазір оның ауруханада жатқанын білдік. Тірі тауарға айналған шақалақ та әлі перзентханада. Оның тағдыры алдағы уақытта шешілмек. Ал нағашы әжесі енді ғана сәбиді өзінің бауырына басуды қалап отыр. Аурухана басшылары болса, болған жағдай туралы сол күйі ештеңе айтпады. Істің ақ-қарасы енді тек сотта анықталмақ.

.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: