Үндістанда су тасқынынан 106 адам көз жұмды

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.08.2018 15:44 Хабар 24
Уттар-Прадеш штатында өзендер арнасынан асып су астында қалды.

Үндістанда толассыз жауын салдарынан 106 адам көз жұмып, тағы 100-ден астамы түрлі деңгейде жарақат алды, деп хабарлайды Хабар 24.

Уттар-Прадеш штатында өзендер арнасынан асып су астында қалды. РИА агенттігінің хабарлауынша, 600 шақты нысан зақымданды. Қатты дауылдан ағаштар құлап, шатырлар ұшқан. ТАСС агенттігінің мәліметінше ауа райының қолайсыздығынан көптеген ғимарат жарықсыз қалды.

Уттар-Прадеш штатының бас министрі зардап шеккендер мен олардың отбасыларына медициналық және қаржылай көмек көрсетілетінін айтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: