Белгілі еуропалық дәрілік препараттан зиянды зат табылған

altaynews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.08.2018 16:00 altaynews.kz
Бауырдың қатерлі ісігіне шалдықтыратын канцерогендік зат болуы мүмкін.

Атап айтқанда, Валсартан деген дәрінің құрамынан N-нитрозодиметиламин (NDMA) табылған екен. Осыған орай бұл мекдикамент сатылымнан алынуда деп жазады Алтайньюс.

Валсартанды өндіруші – қытайлық «Чжэцзян Хуахай Фармасьютикалс» компаниясы. NDMA мүмкін канцероген болып табылады, ол бауырдың қатерлі ісігіне шалдықтыруы мүмкін.

Валсартаннан бөлек, «Чжэцзян Хуахай Фармасьютикалс» компаниясы келесі дәрі-дәрмектерді де өндіреді: Нортиван («Гедеон Рихтер»), Вазар («БалканФарма-Дупница АД») и Комби Кардофикс-сановель Плюс («Сановель Фармако»).

Дегенмен, Денсаулық министрлігі бұл препараттарды қабылдап жүрген науқастарға дәрігердің рұқсатымен ғана тоқтатуға кеңес береді. Сондай-ақ, жоғарыда аталған препараттарды басқа балама дәрі-дәрмекке ауыстыру мақсатында дәрігерге міндетті түрде жүгінген жөн.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: