Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда мектептен 300 метр аумақта орналасқан барлық мешіт сүріледі

sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.08.2018 17:41 sputniknews.kz
Мешіт салатын адамдардың біразы рұқсат алмайтындықтан, заңсыз тұрғызылған мешіттердің саны артып жатыр.

Қазақстанда сәуірде діни ғимараттардың құрылысын регламенттейтін жаңа нормалар қабылданды, деп хабарлады sputniknews.kz.

Шымкент қаласы мен Түркістан облысында 800-ден асып кеткен ғибадатханалардың жай-күйі дін қызметкерлері, дін істері және құрылыс басқармаларының мамандары қатысқан кеңесте талқыланды. Олардың қаншасы заңды, қаншасы заңсыз салынғанын шенеуніктер әзірге анықтай алған жоқ.

Облыста соңғы үш жылда сегіз мешіт салуға рұқсат берілген, қалғаны заңсыз салынған, дейді сәулет және қала құрылысы басқармасының қызметкерлері.

Қазақстанда биылғы жылдың сәуірінде діни ғимараттардың құрылысын регламенттейтін жаңа нормалар қабылданды. Енді мектептен 300 метр аумақта орналасқан барлық мешіт сүріледі.

"Егер адам заңсыз ғибадатхана салса, ол оны өзі сүруі тиіс. Кейін ол жерге, құрылыс салуға қажетті рұқсаттарды алып, тиісті органға хабарлауға міндетті. Содан кейін құрылысты бастауға рұқсат етіледі", — дейді Түркістан облысы сәулет және құрылыс басқармасының басшысы Бақытбай Дүйсебеков.

Мешіт салу бастамасын көтеретін адамдардың біразы рұқсат алмайтындықтан, өңірде заңсыз тұрғызылған мешіттердің саны жыл санап артып жатыр. Салдарынан ауылдар мен округтердегі кейбір діни ғимараттар көбінесе бос қалады, дейді шенеуніктер.

"Облыста және Шымкентте 800-ден астам мешіт бар, көбісі бос қалып жатады. Оған адам санының жетпеуі немесе құрлыс нормасының сақталмауы себеп болады. Ол мешіттерге ешкім бармағандықтан, біз оны ғибадат бөлмесіне айналдырамыз", — дейді Түркістан облысы дін істер басқармасының басшысы Самат Сапарбаев.

Кездесу соңында шенеуніктер меценаттардан қандай да бір діни нысанды салар кезде заң нормаларын сақтауды өтінді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: