Ғалымдар: “Халық латын әліпбиін жылдам игеруі керек”
altaynews.kz
Латын әліпбиін үйретуде қоғамның қабылдау деңгейін, меңгеру деңгейін, жас ерекшелігін ескере отырып, мемлекеттік тілдің аудиториясын кеңейту қажет.
«Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-тәжірибелік орталығы қазақ тілінің жаңа латын графикасына негізделген емле ережелерінің алғашқы сынама жұмыстарын Өскеменнен кейін Семей қаласында жалғастырды деп жазады Алтайньюс.
Айта кету керек, Ұлттық комиссия жанынан құрылған Орфографиялық және Әдістемелік жұмыс топтары 2018 жылғы 4-10 шілде Қазақ орфографиясы ережелерінің концепциясының негізінде «Латын графикасы негізіндегі жаңа қазақ әліпбиінің емле ережелерінің жобасын» сараптап, талқылаудан өткізген болатын.
– Халықтың латын әліпбиін жылдам, ыңғайлы және сауатты игеріп кетуіне мүмкіндік жасауымыз керек. Латын әліпбиін үйретуде қоғамның қабылдау деңгейін, меңгеру деңгейін, жас ерекшелігін ескере отырып, мемлекеттік тілдің аудиториясын кеңейту біздің басты мақсатымыз,-деді Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-тәжірибелік орталығының жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымының кандидаты Бақытгүл Искакова.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript