Жаңалықтар тізбегі
0

Мектеп формасын ата-аналардың өздері таңдайды

f.azh.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.08.2018 15:50 f.azh.kz
Астаналық ведомство оқушылардың киім стандарты қандай болатынын айтты.

Қазіргі таңда дүкендерде таңдау өте көп. Мектеп формасын кез келген жерден алуға болады. Ең бастысы, түсі мен стилі бірдей болуы қажет. Егер мектеп формасын жеткізуші мердігер сатып алуды мәжбүрлеген жағдайда білім басқармасына шағымдану қажет, деп хабарлайды Zakon.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мектеп формасының үлгісі классикалық стильде, түсі – қоңыр-көк.

Ер балалар киетін мектеп формасына:

пиджак, желетке, шалбар, ақ түсті салтанатты жейде, күнделікті ақ жейде, (қыс мезгілінде: трикотажды жилет, ақ водолазка). Ер балаларға арналған шалбардың тігісі кең және ұзындығы аяқтың тобығын жауып тұрады. Ең аз дегенде ұсынылғаны: жейде, желетке мен шалбар.

Қыз балаға арналған мектеп формасына кіретіндер:

пиджак, желетке, белдемше, шалбар, классикалық ақ кофта, сарафан (қыс мезгілінде: трикотаж желетке, ақ водолазка). Қыздарға арналған шалбар кең тігілген, ал ұзындығы аяқтың тобығын жауып тұрады. Белдемшенің ұзындығы кеңсеге арналған, тізеден 5 см жоғары болмауы керек.

Ведомство мектеп формасына діни және түрлі конфессияларға тән үлгілерді енгізуге болмайтынын айта кетті.

Сонымен қатар, мектеп формасында орта білім беру ұйымын ерекшелеп тұратын белгілер болады (эмблема, жапсырма т.б.). Олар киімнің жоғары жағына орналасады немесе аксессуарлар (пиджак, желетке). Эмблеманың эскизін мектептен немесе мектептің сайтынан алуға болады.

Мектеп формасының талабы бойынша сынған фурнитурасы бар аксессуар мен киімдерді алып тастайды.

Мектеп формасына тозбайтын, антибактерияға қарсы, антимикробқа қарсы, антистатикалық қасиетке ие жартылай жүн және мақта матасы қолданылды. Яғни құрамында киім мыжылып кетпесі үшін 75-85% табиғи матасы бар (мақта, жүн және басқасы) және 15-25% синтетикалық қоспа қосылған.

«Қазір дүкендерде таңдау өте көп. Әрине мектеп формасын кез келген жерден аулға болады және ешкім шектемейді. Бастысы, түсі мен стилі бірдей болуы қажет», - делінген білім басқармасының хабарламасында.

Мектеп формасын тек бір тауар өндірушіден сатып алуға мәжбүрлеген жағдайда дереу Білім басқармасына мына телефон номерлері бойынша 55-68-53, 55-68-83, 55-68-73 хабарласу қажет немесе 109 номеріне.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: