Жаңалықтар тізбегі
0

Миының бір бөлігі алынып тасталған бала таңғажайып жағдайда аман қалды

stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.08.2018 21:27 stan.kz
Мамандар үш жыл бойы баланы бақылап, оның интеллектуалды даму деңгейі, тілді қабылдау дағдылары және көрнекі қабылдау өз жасына сәйкес келетінін анықтады.

Дәрігерлер жеті жасар баланың бас ми жартышарының үштен бір бөлігін алып тастады. Дегенмен, оның миы өзгерістерге тез бейімделіп, жетіспейтін бөліктердің функцияларын сәтті орындады. Бұл оқиға Science Alert-те жазылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Таңғажайып жағдайда аман қалған баланың қояншық ұстамасы болған. Бұл ауруды тек мидың бір бөлігін алып тастап қана емдеу мүмкін болды. Дегенмен, ол осы күрделі отаны басынан өткерсе де, аман қалды. Баланың көру мүшесіне жауап беретін бөлігі алынды.

Қалпына келтіру үрдісінде кесілген оң жарты шардың ақпартты өңдей алматыны белгілі болды. Бірақ сол жарты шар өзгерістерге бейімделіп адамдар мен заттарды тану қызметін атқарды.

«Жалғыз кемшілік бала көз алдындағының бәрін көре алмайды. Ол алға қарай қарап тұрғанда сол жақтан келген көрнекі ақпарат өңделмейді. Бірақ, ол сонда да басын бұру немесе көзін қозғалту арқылы оны қабылдай алады», – дейді Carnegie Mellon университетінің нейробиологы.

Мамандар үш жыл бойы баланы бақылап, оның интеллектуалды даму деңгейі, тілді қабылдау дағдылары және көрнекі қабылдау өз жасына сәйкес келетінін анықтады. Баланың миына жасалған ота оның дамуына ешқандай әсерін тигізбеген болып шықты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: